РАА: апта қорытындысы 24.10-30.10.2022

РАА: апта қорытындысы 24.10-30.10.2022
01.11.2022

26 қазанда РАА төрағасы А. Ж. Бикебаевтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 601-ші отырысы өтті. Отырыс барысында мынадай мәселелер қаралды: 1. "негіздемелік заңдар" тұжырымдамасына көшу: 2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы.

26 қазанда адвокаттар қауымдастығы арасындағы бірқатар талқылаулардан кейін Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысында ҚР ҚК және ҚІЖК бойынша Жоғарғы Соттың бірқатар нормативтік қаулыларының жобалары бойынша РАА ұстанымы қабылданды. Әзірленген ұсыныстар кейінірек ҚР ресми сайтында жарияланады.

27 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді, онда "Е-Заң көмек"заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұрақтар көтерілді. Сондай-ақ, ҚР Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің жаңа мүшесі сайланды.

Өткен аптада РАА-ға келіп түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 35 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекеттеріне 7 шағым бар. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

Апта ішінде төраға адвокаттармен және азаматтармен бірқатар кездесулер өткізді.