РАА: 23.01 - 27.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 23.01 - 27.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
27.01.2023

23 қаңтарда РАА Президиумы:

 - президиум мүшелерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте бойынша нақтыланған ережені мақұлдады;

 - қорғау актісін енгізуге қатысты түзетуді толық қолдамау туралы шешім қабылдады;

 - құқық қорғау органдарын, адвокатура және сот жүйесі органдарын реформалаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауына қатысуға шақырумен адвокаттарға үндеу жариялау туралы шешім қабылдады.

 

23 қаңтарда РАА Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты, онда қылмыстық және қылмыстық-процесстік заңнамасын оңтайландыру бойынша Заң жобасының кейбір ережелеріне қатысты мәселелер қарастырылды.

 

24 қаңтарда адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі – АТК) адвокаттың шағымын қарап, Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының шешімін өзгертіп, адвокатқа қатысты неғұрлым қатаң емес тәртіптік жауапкершілік шарасын қолданды.

 

27 қаңтарда Судьялар әдебі кодексінің жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті, оған РАА Төрағасы Айдын Бикебаев, РАА Төралқа мүшелері Сапар Әміртаев, Гаухар Айтжанова, Роза Қуанышбаева және Эльвира Абдулина, сондай-ақ ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің мүшесі, Астана қаласы алқасының мүшесі Павел Носов қатысты. Отырысқа қатысушыларды қарсы алу сөзінде РАА төрағасы сот реформа барысында сот жүйесі беделін нығайтуға адамгершілік, адалдық және алаламаудың маңыздылығын атап, 2022 жылғы 18 сәуірде қабылданған Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасы да сот реформасының бөлігі болып табылатынын ескерттi.

 

РАА төрағасы адвокаттар және азаматтармен бірқатар кездесулер өткізді.

 

 Өткен аптада РАА-да кіріс/шығыс хат-хабарларының саны 62 хаттарды құрады, оның ішінде 16 шағымдар мен өтініштер. Барлық сұраулар өңделуде.