РАA: АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ 27.03.2023 - 31.03.2023
27 наурызда РАА төрағасы, аумақтық адвокаттар алқалары төралқаларының төрағалары мен адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті.
28 наурызда РАА Төрағасы Айдын БІКЕБАЕВ пен атқарушы директор Айнаш РАҚЫМОВА Әділет министрлігінде откен қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын оңтайландыру туралы заң жобасына қатысты, оның ішінде Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңеске қатысты.
28 наурызда РАА Төрағасы Айдын БІКЕБАЕВ пен РАА Төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын оңтайландыру туралы заң жобасына қатысты мәселелер бойынша кеңеске қатысты.
28 наурызда РАА Төрағасы Айдын БІКЕБАЕВ жыл сайынғы «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» Басин атындағы оқуларының аясында Каспий университетінің ұйымдастыруымен Юрий Григорьевич Басиннің 100 жылдығына арналған «Қазақстанның азаматтық құқығы: қалыптасуы мен дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына және студенттер мен жас ғалымдардың конференциясына қатысты.
29 наурызда РАА Төрағасы Айдын БІКЕБАЕВ пен РАА Төралқа мүшесі Айман Умарова VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуына қатысты, оның барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әділетті мемлекеттің дамуындағы адвокатура рөлін арттырудың маңыздылығын атап өтті: «Адвокаттардың рөлін арттыра түсу қажет. Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап, қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз берілуі тиіс».
31 наурызда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б.Дембаевтың төрағалығымен «Азаптау істерін тергеудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында заң қоғамдастығының өкілдері сөз сөйледі: Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Анара ҚҰСАЙЫНОВА «Азаптау іздерін анықтау және соның салдарынан сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелмеу немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтату мәселелері» тақырыбында баяндама жасады, Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ, Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Юлия МАЛЮКОВА және Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Елизавета Ахметова сұрақтармен, ескертулермен және ұсыныстармен пікірталасқа қатысты.
31 наурызда РАА Тәртіптік комиссиясы Түркістан облыстық адвокаттар алқасының бес адвокатының Түркістан облысы адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясы оларды адвокатурадан шығару туралы шешіміне қатысты шағымдарын қарауды бастады. Шағымдарды қарау РАА Тәртіптік комиссиясының келесі отырысында жалғасады.
Өткен аптада РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 67 хатты, сондай-ақ 23 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.