home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА: 20.02.23 - 24.02.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 20.02.23 - 24.02.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 20.02.23 - 24.02.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
27.02.2023

22 ақпанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев, төрағаның орынбасары Игорь Вранчев және РАА Төралқа мүшелері Айман Умарова, Мейрам Шаймерденов және Мейірбек Даубалаев Ұлттық баспасөз клубында өткен 2022 жылдағы адвокатураның жай-күйі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша адвокаттардың қызметі туралы Ұлттық баяндаманың тұсаукесерінде сөз сөйледі. Адвокаттар журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Ұлттық баяндама жарияланып, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынылды.

24 ақпан РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын соттан тыс және сот тәртібімен қорғаудың өзекті мәселелері туралы» арнайы талдамалық баяндаманы дайындауы шеңберінде РАА ұсыныстарын мақұлдады;

- М.К. мүддесі үшін азамат У.Д.-ның Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 146 баптың 2-бөлігі ережелерін конституциялық емес деп тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына деген өтініші негізді деп анықталған және бұл нормалар негізсіз шектеулерді қолдану және конституциялық құқықтарды бұзу мүмкіндігі жағынан конституциялық емес тануға жататынын анықтады;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы No 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 43-тармағына өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша ұстанымын қабылдады, атап айтқанда, қажет болған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдардан, мысалы, адвокатурадан рұқсат алу туралы.

Өткен аптада РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 82 хатты, сондай-ақ 20 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА төрағасы мен төрағасының орынбасары адвокатттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.