home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАA: 19.12.2022 - 30.12.2022 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАA: 19.12.2022 - 30.12.2022 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАA: 19.12.2022 - 30.12.2022 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
30.12.2023

19 желтоқсан күні РАА Төрағасы «Адвокаттық қызмет академиясы» жеке мекемесі ұйымдастырған «Конституциялық сотты енгізу – әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Ол өз сөзінде «Конституциялық Сот туралы» конституциялық заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы РАА жұмысының нәтижелері туралы айтты, сондай-ақ Конституциялық Соттың тиімді жұмысына әсер ететін маңызды аспектілерді атап өтті. Сондай-ақ РАА-ның Конституциялық Соттың дамуына үлес қосуға дайын екендігін білдірді.

19, 21, 23, 28 желтоқсан күндері РАА Төрағасы мен оның орынбасары, ҒКК төрағасы, атқарушы директор, РАА төралқасының мүшелері ҚР Парламенті Сенатының «Процестік заңнаманы, адвокаттық қызмет пен заң көмегін, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын қарау жұмыс тобының отырыстарына қатысты. Өткен аптада жұмыс тобы Қазақстан адвокатурасын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде РАА тарапынан әзірленген ұсыныстарды қарады. Сенатта заң жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

20 желтоқсан күні РАА Төрағасы Айдын Бикебаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге қатысушылар заңнаманы жетілдіру, сот жүйесін реформалау және одан әрі ынтымақтастық бағыттары бойынша ұсыныстарды талқылады. Жоғарғы Сот Төрағасы РАА төрағасының келесі жылдың басында РАА Төралқасының мүшелерімен кеңейтілген кеңес өткізу туралы ұсынысын қолдады.

21 желтоқсан күні РАА Төрағасы мен РАА ҒКК Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Біліктілік комиссия отырысына қатысты.

21-22 желтоқсан күндері РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев пен ҒКК мүшесі Вероника Ким Дөңгелек үстелге қатысты, оның барысында Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодексінің түйткілді мәселелері талқыланды. Қатысушылар Әділет министрлігінің Жобалық кеңсесінің жұмысы барысында әзірленген Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды талқылады. Әділет министрлігінде Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.

22 желтоқсан күні РАА ҒКК төрағасы мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасы төрағасының орынбасары Гүлнәр Байғазина «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасы мен кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Мәжілістің жұмыс тобының отырысына қатысты. РАА өкілдері адвокатурадан тыс органдардың адвокатттарға кәсіптік стандарттар әзірлеуі мен бекітуі заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі қағидасына қайшы келетінін мәлімдеді (Заңның 6-бабы). Осыған байланысты адвокаттар «Кәсіби біліктілік туралы» Заң қолданылатын субъектілер бола алмайтындығына депутаттар назарын аударды.

23 желтоқсан күні Адвокатураның Тәртіптік комиссиясы АҚАА АТК-ның адвокатты адвокаттар алқасынан шығару туралы шешімін өзгертіп, оған қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік шарасын қолданды. Павлодар облыстық адвокаттар алқасының АТК-ның қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешіміне шағымын, адвокаттың өзінің арызына байланысты қараусыз қалдырды. Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы адвокатының Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы тәртіптік комиссиясының шешімімен келіспегендігі туралы шағымы қанағаттандырусыз, ал Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

23 желтоқсан күні РАА Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты ұйымдастырған КАЗГЮУ-дың «Құқық жүйесіндегі қазақ тілінің мәселелері және оларды шешу жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

23 желтоқсан күні РАА Төрағасы Әділет министрлігінің Ведомствоаралық комиссиясының отырысына қатысты, Онда «Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы жобасы қаралды. Айдын Бикебаев Әділет министрлігінің Жобалық кеңсесіндегі РАА ұсыныстары жиі қолдау таппай отырғанын, адвокаттардың ұсыныстары кері қайтарылып алынғанын, сонымен қатар құқық қорғау органдары тарапынан репрессиялық нормалар қолданылып отырғанын айтты. Әділет министрлігінің өкілдері РАА ұсыныстары қарастырылатынына сендірді.

26 желтоқсан күні Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы:

- 2022 жылғы 22 қарашадағы Адвокаттар алқасының республикалық конференциясының шешімімен бекітілген РАА-ның Шығындар сметасы шеңберінде жасалған 2023 жылға арналған РАА штаттық кестесі бекітілді;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар ұйым ретінде аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады;

- РАА Төралқасының мүшесі С.А.Әміртаевтың алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі белгілеген тәртіппен облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың судьялары лауазымдарына бөлек конкурстық іріктеуге қатысу үшін РАА Төралқасы тарапынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесіне ұсынуы мүмкін адвокаттарға қатысты аумақтық адвокаттар алқаларынан ұсынымдар алу туралы ұсынысын қолдады;

- Аумақтық Адвокаттар Алқасы Төралқасы Төрағасының және Аумақтық Адвокаттар Алқасы Адвокаттарының Тәртіптік Комиссиясы Төрағасының әрекеттеріне тәртіптік іс қозғау туралы ұсыныс енгізу үшін негіздер болмауына байланысты шағымдарды қайтару туралы шешім қабылдады.

27 желтоқсан күні РАА Төрағасы мен РАА ҒКК төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясы отырысына қатысты.

29 желтоқсан күні РАА төрағасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты, онда министр Қанат Мусиннің баяндамасы тыңдалды. РАА Төрағасы 2022 жылғы 11 наурызда өткен «Заманауи адвокаттарура қызметі. Проблемалар мен оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қабылданған жол картасы орындалуы бойынша сұрақ қойды, сондай-ақ Әділет министрлігінің Жобалық кеңсесінде жұмыс барысында айтылған адвокаттар қоғамдастығының ұсыныстарын қолдауды сұрады.

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 121 хатты құрады, соның ішінде 46 шағым мен өтініші. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА төрағасы заңгерлермен және азаматтармен бірқатар кездесулер өткізді.