РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 19.09-25.09.2022

РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 19.09-25.09.2022
26.09.2022

19 қыркүйекте РАА Адвокатурасының тәртіптік комиссиясы Е. Д. есімді адвокатқа қатысты Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жою туралы шағымды және Е. Е. есімді адвокатқа қатысты Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы қабылдаған шешіммен келіспеу туралы шағымды қарады (толығырақ сілтеме бойынша)

19 қыркүйекте РАА Төралқасының отырысы өтті, онда келесі ШЕШІМДЕР қабылданды:
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі сот жүйесін реформалау жөніндегі қайта қаралған ұсыныстарына а. ж. 13 қыркүйекте РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі дайындаған РАА Төралқасының ұстанымы бекітілді (24 қадам);
* Республикалық адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің 2022 жылғы 2-тоқсандағы қызметі туралы есебі бекітілді (сілтеме);
* адвокат Г. Э. Кузбаеваның өтініші бойынша Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның  қорытындысы және Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияныңның адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотына және ҚР Әділет министрлігіне жүгіну ұсынысы Ғылыми-консультативтік кеңеске РАА-ның одан әрі қолданатын шаралары бойынша ұстанымды әзірлеу үшін жіберілді;
* адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы Ережеге оны бейіндік заңға сәйкес келтіруге байланысты түзетулер жобасы және оларды адвокаттар алқаларының республикалық конференциясының бекітуіне енгізу мақұлданды;
* 2022 жылғы 19 қарашада Астана қаласында адвокаттар алқаларының республикалық конференциясын шақыру (сілтеме);
* РАА төрағасының РАА Адвокатураның тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныс енгізуіне себептер мен негіздердің болмауына байланысты аумақтық адвокаттар алқалары мен РАА басқару органдарының мүшелеріне қатысты үш шағым қараусыз қалдырылды;
* адвокат көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мөлшерін айқындау тәртібіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарау және ұстанымын білдіру үшін РАА Ғылыми-консультативтік кеңсіне және аумақтық адвокаттар алқаларына жіберу туралы шешім қабылданды.

21 қыркүйекте РАА төрағасының орынбасары И. Вранчев, РАА Төралқасының мүшесі А. Тоқаева ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э. Әзімованың төрағалығымен құқық қорғаушыларды қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты. Отырысқа қатысушылар омбудсмен жанындағы құқық қорғаушыларды қорғау жөніндегі жұмыс тобын құрудың өзектілігі мен уақтылығын және БҰҰ-да құқық қорғаушылардың жұмысы бойынша тиісті қарарлардың бар екенін атап өтті, олардың негізінде біздің елде де нақты алгоритмдерді әзірлеу қажет. Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс тобының ұйымдастырушылық аспектілерін, құқық қорғаушыларға қатысты қолданылатын тиісті ұғымдар мен критерийлерді нақтылау туралы шешім қабылданды.

19, 20, 21, 22 және 23 қыркүйекте РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшелері ҚР "Конституциялық Сот туралы", "Прокуратура туралы" конституциялық заңдарының жобаларын талқылау бойынша Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысты. Әділет министрлігі "Конституциялық Сот туралы" Конституциялық заң жобасына бұрын бастамашылық жасаған РАА ұсыныстарын мәжіліс депутаттары қарайды. Конституциялық заңдардың жобалары бойынша жұмыс жалғасуда.

22 қыркүйекте Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру департаментінің өкілдерімен жұмыс кеңесіне РАА атқарушы директоры А. К. Рақымова қатысты. Отырыс барысында заңгерлердің ұсыныстарын іске асыру бойынша Жол картасының жекелеген тармақтарын орындауға қатысты мәселелер талқыланды. Аталмыш мәселелер ағымдыға жылдың 11 наурызында өткен "Бүгінгі адвокатура. Проблемалар және оларды шешу жолдары" дөңгелек үстелі барысында айтылған болатын. Сондай-ақ Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге және адвокаттық сұрау салуды ресімдеу және жіберу тәртібіне түзетулер, сондай-ақ РАА-ның Әділет министрлігіне келісу үшін жіберілетін жазбаша хабарлама қаралды.

23 қыркүйекте Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы К.Б. Сафиннің төрағалығымен "Сот жүйесін жетілдіру: жаңа реформалардың 24 қадамы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына қатысқан РАА төрағасының орынбасары И. О. Вранчев және РАА Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы Д. К. Канафин өз сөздерінде РАА Президиумы а. ж. 24 тамызы мен а. ж. 06 қыркүйегінде бекіткен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот реформасы жөніндегі ұсыныстары бойынша РАА ұстанымын жеткізді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сенаторлар Сенатта сот жүйесін реформалау аясында жұмыс тобының 13 отырысы өткізілгенін және жұмыс жалғастырылатынын, барлық ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.

Өткен аптада РАА-ға келіп түскен кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 55 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 12 шағым бар. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

РАА төрағасы және атқарушы директоры адвокаттармен, азаматтармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.