home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА: 16.01.2023 - 20.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 16.01.2023 - 20.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 16.01.2023 - 20.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
20.01.2023

16 қаңтарда РАА Төралқасының отырысында:

- РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді;

- қазақстандық адвокаттық қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде заң жобасына РАА Төралқасының мүшелері Сисенбай Делманов пен Қалтай Қалиақпаровтың ұсыныстарын енгізді;

- бұзылған құқықтарды қорғаудың барлық тәсілдері толық таусылғанға дейін барлық соттан тыс және сот инстанцияларында адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуының нақты фактілері бойынша талаптары мен шағымдарын қарауға қатысудың алдын ала алгоритмі бекітілді;

- Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияға барлық сот инстанцияларында РАА өкілдері ретінде қатысатын адвокаттарды анықтауды тапсырды, үйлестіруші болып РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев тағайындалды.

- аумақтық адвокаттар алқасы төралқасының екі төрағасына РАА төрағасының РАА ТК-ға тәртіптік іс қозғау туралы ұсыныс енгізуіне негіздердің болмауына байланысты шағымды қараусыз қалдырды;

- Ақмола облыстық алқасы адвокаттарының РАА Төралқасының мүшесіне қатысты шағымын РҚА ТК-ға тәртіптік іс қозғау туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің болмауына байланысты қараусыз қалдырылды;

- РАА Шығындар сметасы шеңберінде РАА бір өкілінің Санкт-Петербург халықаралық заң форумына қатысуы туралы шешім қабылдады;

- ҒКК мен АҚҚК-на адвокаттардың құқықтарын бұзатын нормативтік актілерді даулау, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысты мәселелер бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арқылы Конституциялық Сотқа өтініш жобасын бірлесіп дайындауды тапсырды;

- адвокаттың сауалында міндетті мәлімет ретінде адвокаттың ЖСН-ін көрсетудің заңды негіздерінің жоқтығы туралы шешім қабылдады.

16 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатында  «Процестік заңнаманы, адвокаттық қызмет пен заң көмегін, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын қарау жұмыс тобының отырыстарына онлайн режимде қатысты. Қатысушылар Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін дайындалған РАА ұсыныстарын қарастырды. Сенатта заң жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

16 қаңтарда РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы бойынша Мәжілістің жұмыс тобының қорытынды отырысына қатысты.

18 қаңтарда РАА Төрағасы Әділет министрлігінің 2022 жылдың жұмыс қорытындылары мен 2023 жылдың 1 жартыжылдығына арналған басымдықтарды талқылауға арналған кеңейтілген алқа отырысына қатысты.

19 қаңтарда РАА Төрағасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процесстік заңнамасын жетілдіру туралы, адвокат қызметі және заң көмегі, дауды сот және сотқа дейін шешу мәселелері бойынша» Әділет министрлігінің ведомствоаралық комиссиясының отырысына қатысты. Заң жобасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашы болды, онда адвокаттық қызмет мәселелері бойынша РАА ұсыныстары РАА салыстырмалы кестелерінен қысқартылған нұсқада енгізілген. Тұжырымдама, жалпы алғанда, адвокаттардың емес, заң консультанттарының өкілеттігін күшейтуге бағытталған. Мәселен, заң консультанттарына әкімшілік істер бойынша қорғаушы ретінде қатысу құқығын беру ұсынылды. Осыған байланысты РАА төрағасы ведомствоаралық комиссиясының мүшесі ретінде бұл заң жобасын қолдамады.

19 қаңтарда РАА Төрағасы Конституциялық Сот Төрағасының заң қоғамдастығы өкілдерімен конституциялық сот ісін жүргізу шеңберінде азаматтарға заң көмегін көрсету мәселелері бойынша кездесуіне қатысты, оның барысында конституциялық сот ісін жүргізу тәртібін түсіндіру бойынша республика адвокаттарына арналған вебинар откізу туралы шешім қабылданды.

20 қаңтарда РАА Төрағасы Жоғарғы Соттың 2022 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған кеңейтілген отырысына қатысты. https://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-2022-zhylgy-zhumystyn-korytyndysyn-shygardy

Өткен аптада РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 36 хатты құрады, оның ішінде 16 шағым мен өтініш. Барлық шағымдар қаралуда.