14 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің (Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген) «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 16-тармағын іске асыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу қажеттігі туралы Әділет министрлігінің сұранысы шеңберінде РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі келесі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды бекітті:
- қылмыстық-процестік заңнамасы шеңберінде айыптау және қорғау тараптары арасындағы шынайы бәсекелестікті қамтамасыз етуге қатысты;
- заманауи технологияларды қолдану арқылы тиімді азаматтық сот ісін жүргізу;
- медиация институтын және дауларды сотқа дейінгі реттеудің басқа да түрлерін нығайту.
16 наурызда РАА Төрағасы Айдын Бикебаев, РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев, атқарушы директор Айнаш Рақымова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді оңтайландыру туралы заң жобасы аясында оларды қарау үшін қазақстандық адвокаттық қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген РАА ұсыныстарын талқылау үшін жұмыс кездесуін өткізді.
24 наурызда РАА Тәртіптік комиссиясы:
- Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокатына қатысты Астаналық тәртіптік комиссияның шешіміне шағым жасау шеңберінде комиссияның қарауы кезінде анықталған тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тәртіптік істі тоқтатты;
- Шымкент қалалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының адвокатқа қатысты шешімін өзгеріссіз және Н.К.-ның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
24 наурызда РАА төрағасы Айдын Бикебаев, ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған «Заңгер» кәсіби стандартын әзірлеу бойынша әділет, ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер «Атамекен» палатасы, салалық қауымдастықтар және заң ғылымы саласындағы сарапшылар, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жоғары оқу орындары өкілдерінің бастамасын талқылауға арналған кеңеске қатысты.
Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 78 хатты құрады, оған қоса 32 арыз-шағымдар мен өтініштер. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.