home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА: АПТАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 12.12-18.12.2022

РАА: АПТАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 12.12-18.12.2022

РАА: АПТАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 12.12-18.12.2022
18.12.2022

12 желтоқсан күні  РАА төралқасы:

          - Адвокатураның жағдайы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі адвокаттар қызметі туралы ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ дайындау мерзімін және келесі жылы ақпан айының екінші жартысында жариялауын белгіледі;

   - Қаржылық мониторинг агенттігіне ұсынған терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жобасына адвокаттық қызметке кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелерін көздейтін түзетулер ұсынды;

   - Аумақтық адвокаттар алқаларымен бірлесіп заң көмегінің ақпараттық жүйесі арқылы мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек жүйесіне адвокаттардың қатысуы тәртібін әзірлеу туралы шешім қабылдады;

       - Алматы қаласы адвокаттар алқасы мен Алматы облысы адвокаттар алқасы төралқаларының төрағаларына мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек жүйесіне аумақтық қағидаттың сақталуы мәселесі бойынша ұстанымын ұсынуды тапсырды;

      - РАА Ғылыми-консультативтік кеңесіне оның мүшелерін конкурстық іріктеу жөнінде РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі туралы ережеге түзетулер жобасын дайындау тапсырылды;

         - РАА тәртіптік комиссиясында тәртіптік іс қозғау туралы ұсыныс енгізу үшін негіздер болмауына байланысты адвокаттардың әрекеттеріне шағымдарды қайтару туралы шешім қабылдады;

        – Алдымыздағы жылдың 20 ақпанында Астана қаласында бетпе-бет кездесу өткізу туралы шешім қабылдады.

13 желтоқсан күні   РАА төрағасы Бикебаев А.Ж. және РАА ҒКК төрағасы Сизинцев С.В. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының отырысына қатысты.

13 желтоқсан күні   адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы РАА төрағасының Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы төралқасының бірнеше мүшелеріне қатысты тәртіптік іс қозғау туралы ұсынысын қарап, оларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

14 желтоқсан күні  РАА төрағасы Бикебаев А.Ж. және РАА ҒКК төрағасы Сизинцев С.В. Сенат жұмыс тобының «Іс жүргізу заңнамасы,  адвокатураны және заң көмегін көрсету,  дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» кезекті отырысына қатысты.  Онда іс жүргізу заңнамасын және адвокат қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылды.

15 желтоқсан күні РАА төрағасы Айдын Бикебаев заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысты. Конференция барысында «Ақпаратқа қолжетімділік және жұртшылықтың қатысуы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдама жобасы қаралды.

ӨТКЕН АПТАДА РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 90 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекетіне 22 шағым. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

РАА Төрағасы заңгерлермен және азаматтармен бірқатар кездесулер өткізді.