РАА: 10.04 - 14.04.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 10.04 - 14.04.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
14.04.2023

РАА: 10.04 - 14.04.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

 

10 сәуірде РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

- Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің құрамын жаңарту;

- Кейбір заңнамалық актілерге бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Операторларды қысқарту және жекешелендіру агенттігі АҚ-ның жүргізген жұмыстардың нәтижелері.

10 сәуірде РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі, аз. В.Е.Порожняк-тың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 489-бабының бірінші бөлігінің 6-тармағына, 490-бабының бірінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының өтініші аясында (өтініш авторы Конституцияның 13, 14, 75 және 77-баптарына қайшы келетін және конституциялық құқықтарға нұқсан келтіретін заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау тәртібіне қатысты Қылмыстық-процестік кодексінің көрсетілген нормаларды даулаған), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 489-бабының бірінші бөлігінің алтыншы тармағын және 490-бабының бірінші бөлігін қарап конституциялық емес деп танылсын деген ұстанымын бекітті.

11 сәуірде РАА атқарушы директоры Айнаш РАҚЫМОВА Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментімен жұмыс отырысына қатысты. Онда адвокаттар қоғамдастығы 2022 жылға арналған адвокатураның жәй-күйі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі адвокаттардың қызметі туралы Ұлттық баяндамада және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша РАА Ұлттық баяндамасына мемлекеттік органдардың жауаптарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне түскен шолуларын қарау туралы айтылды.

13 сәуірде РАА атқарушы директоры Айнаш РАҚЫМОВА, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Ертас КУЛИБАЕВ елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 24-бабын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы ««Е-Зан Көмеги» Бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін пысықтау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты.

13 сәуірде РАА Төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ пен РАА Төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал ҚҰСПАНмен РАА ұсынылған Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы оңтайландыру туралы, оның ішінде қазақстандық адвокаттық қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы заң жобасына ұсыныстарды талқылау мақсатында жұмыс кездесуіне қатысты.

14 сәуірде Адвокатураның тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі – АТК):

- Түркістан облыстық адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясының 2023 жылғы 17 ақпандағы К.Г., С.Е., Т.О., А.М. адвокаттардың іс-әрекеттерінде адвокаттардың кәсіби қызметі кодексінің талаптарын бұзу фактілерінің болмауына байланысты, аталған адвокаттарды адвокаттар алқасынан шығару туралы шешімін жойып, оларға қатысты тәртіптік істі тоқтатты.  

- адвокат П.С. заңнаманы және Адвокаттардың кәсіби қызметі туралы кодексті бұзбауына байланысты, адвокат П.С.-ға қатысты Астана қаласы адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

 

Өткен аптада РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 37 хатты, сондай-ақ 19 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.