home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА: АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ 09.01.2023 - 13.01.2023

РАА: АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ 09.01.2023 - 13.01.2023

РАА: АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ  09.01.2023 - 13.01.2023
13.01.2023

09, 11, 13 қаңтарда РАА төрағасы мен оның орынбасары, ҒКК төрағасы, РАА төралқасы мен ҒКК мүшелері ҚР Парламенті Сенатында  «Процестік заңнаманы, адвокаттық қызмет пен заң көмегін, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын қарау жұмыс тобының отырыстарына онлайн режимде қатысты. Қатысушылар Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін дайындалған РАА ұсыныстарын қарастырды. Сенатта заң жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

11 қаңтарда РАА ҒКК мүшесі Вероника Ким және Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Юлия Малюкова ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен мәжілісіне қатысты. Онда Әділет министрлігі жанындағы Жобалық кеңседе Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін қайта қарау қорытындысы бойынша баяндама тыңдалды.

12 қаңтарда РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев пен Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасы төрағасының орынбасары Гүлнәр Байғазина «Кәсіптік біліктілік және соған байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасы бойынша Мәжілістің жұмыс тобының отырысына қатысты.

12 қаңтарда РАА Төрағасы Айдын Бикебаев пен Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев арасында адвокатураның өзекті мәселелері, сондай-ақ мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек мәселелері талқыланған жұмыс кездесуі өтті.

Өткен апта РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 45 хатты құрады, оның ішінде 20 шағым мен өтініш. Барлық шағымдар қаралуда.