08 тамызда РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекс жұмысының бірінші жылының қорытындыларын талқылау бойынша өткен дөңгелек үстелде "Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексты енгізген сәттен бастап қолдану тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасады. Форумды ҚР Жоғарғы Соты GIZ, ABA ROLI және ҚР министрлігінің қолдауымен өткізді, оған әкімшілік әділет саласындағы 250 сарапшы, заңгерлер, ғалымдар және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар әкімшілік іс жүргізудің жол берілетіндігі мен негізділігі туралы Әкімшілік сот ісін жүргізуде инквизициялық принципті қолданудағы шетелдік тәжірибені, сот практикасын, әкімшілік іс жүргізуді қолданудың теориялық және практикалық мәселелерін конструктивті талқылады. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Қазақстанда реформаны іске асырудың маңыздылығы және оның одан әрі даму перспективасы туралы пікірлерімен бөлісті, Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекстің рәсімдік бөлігінің жетістіктері мен проблемаларын да атап өтті.
08 тамызда РАА Президиумының отырысында "Жаңа Қазақстан-жаңа адвокатура" адвокатураны дамыту Тұжырымдамасын іске асыру аясында РАА аппараты мен РАА Ғылыми – консультативтік кеңесі әзірлеген түзетулер жобалары қаралды. Ұсынылған түзетулердің ішінде РАА Төралқасы бекіткен тәртіппен конференцияның айрықша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР барлық адвокаттарының қатысуымен референдум өткізу мәселесі қолдау тапты. РАА Тәртіптік комиссиясының құрамына қатысты Төралқа Республикалық тәртіптік органның құрамында адвокаттардың санын он адвокатқа дейін ұлғайту туралы Тәртіптік комиссия ұсынысын қолдады.
Сондай-ақ, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" ҚР Заңына сәйкес адвокаттың (адвокаттардың) не заң консультанттары палатасының мүшелері қызметін атқаратын адамның (адамдардың) жәрдемдесуімен дауды реттеу бойынша тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізу ұсынылатын партисипативтік рәсімге қатысты мәселелер талқыланды.
13 тамызда РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев "Атамекен" ҰКП өкілдерімен кездесу өткізді, онда ҚР сот жүйесін реформалау жөніндегі РАА ұсыныстары талқыланды. Талқылау барысында Республикалық адвокаттар алқасының бірқатар ұсыныстары ескеріліп, қолдау тапты, олардың арасында заңгерлер үшін судья кәсібінің тартымдылығын арттыру және соттар жұмысының тиімділігін арттыру бар. Сондай-ақ, Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қылмыстық процесте сот бақылауын күшейту және тергеу судьяларының мәртебесін арттыру ұсынылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар РАА-ның судьяларға құқық қағидаттары негізінде шешім қабылдауға және заң шығару қызметінің субъектілері болуға, нормативтік тәсілден бас тартуға, әділеттілік пен парасаттылық қағидаттарын және соттың белсенді рөлін қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік беру жөніндегі ұсыныстарын қолдады.
14 тамызда РАА аппараты мен Қазақстан адвокаттарының республикалық спартакиадасының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұрлан Жолболов ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Щучинск қаласында өтетін алдағы спорттық іс-шараға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесуде бірқатар маңызды мәселелер егжей-тегжейлі айтылды, соның ішінде спартакиада сценарийі, төрешілер құрамының жұмысы, іс-шараға қатысушыларды орналастыру және тамақтандыру, трансфер, шығыстар, спорт алаңдарын ресімдеу, жеребе салуды ұйымдастыру, наградалардың дайындығы, спортшыларды ауыз сумен қамтамасыз ету және спартакиаданы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсету мәселелері талқыланды. Айта кету керек, биыл Қазақстан адвокаттарының республикалық спартакиадасы екінші рет өтеді, оған еліміздің 300-ден астам адвокаты қатысады деп жоспарлануда.
Осы аптада РАА-ға келіп түскен кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 69 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 7 шағым бар. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.