РАА: АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ 06.03-10.03.2023

РАА: АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ 06.03-10.03.2023
10.03.2023

9 наурызда Қаржы мониторингі агенттігі адвокаттарға арналған «Заңды тұлғалардың бенефициарлы меншігі және ашықтығы» атты оқыту іс-шарасын өткізді, оған аумақтық адвокаттар алқаларының 28 өкілі қатысты. Іс-шараның мақсаты - қадағаланатын қаржы мониторингі субъектілерінің заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерін жедел анықтау және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтау саласында тиісті шаралар қабылдау мүмкіндіктерін кеңейту.

9 наурызда РАА Ғылыми-Консультативтік Кеңесі (ҒКК) дайындаған Конституциялық Сотқа және Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге түскен өтініштердің жобалары бойынша РАА аппаратының отырысы өтті.

10 наурызда РАА төралқасының отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша атқарушы орган келесі шешімдерді қабылдады:

- адвокаттар алқалары мен адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінде аумақтық принципті сақтау қажеттілігі туралы ұстаным қабылданды;

- Республикалық адвокаттар алқасының 2022 жылғы 4-тоқсандағы ҒКК есебін мақұлдады, ҒКК пен адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның құрамына өзгерістер енгізді, сондай-ақ, ҒКК отырыстарын дәстүрлі форматта өткізуге ұсынысты қолдады;

- Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің атына келесі мәселелер бойынша РАА ҒКК дайындаған өтініштердің жобасы мақұлданды:

  • адвокаттардың құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарына ноутбуктерді, телефондарды және басқа да техникалық құралдарды пайдалану құқығымен кіруіне байланысты ішкі ведомстволық бұйрықтарды Конституцияға сәйкестігі;
  • адвокаттарды мемлекеттік құпияларға руқсат етуін тіркеу мәселелері бойынша «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заң нормаларының Конституцияға сәйкестігі;
  • Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мекемелерінде тергеу изоляторлардағы мен сотталғандардың адвокаттармен құпиялылықты қамтамасыз ететін жағдайларда саны, ұзақтығы шектеусіз кездесулерін, адвокаттарды тексеруін, хабарламалар беру тәртібін және адвокаттық қызметтің басқа да кепілдіктерін қамту;

- адвокатты таңдау кезінде шарттық қағидаттың әрекет етуіне қатысты ресми түсіндірмені орналастыра отырып, адвокаттар қызметінің орташа құнын бекітті;

- Павлодар облысы адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының төрағасына, Түркістан облысы адвокаттар алқасы Төралқасының төрағасына, сондай-ақ Шымкент қалалық адвокаттар алқасы Президиумының әрекетіне, Қостанай облысы адвокаттар алқасы төралқа төрағасына келіп түскен шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды;

- Атырау облысы Әділет департаментінің адвокаттар алқасының төралқа мүшелерін тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекіткені үшін жауапқа тарту туралы және Атырау облысы адвокатурасының тағылымдамадан өту туралы қорытындысының күшін жою туралы ұсынысын қанағаттандырусыз қалдырды;

- адвокаттарды қаржылық мониторинг субъектілерін тестілеу үдерісінен шеттету туралы ұсыныспен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне  хат жолдау туралы шешім қабылдады.

 10 наурызда РАА Тәртіптік комиссиясының отырысында аумақтық адвокаттар алқаларының тәртіптік комиссиялары қабылдаған шешімдермен келіспеушілік туралы екі шағым қаралды.

РАА Тәртіптік комиссиясы 18.01.2023 жылғы Алматы қаласы адвокаттар алқасы тәртіптік комиссиясының адвокат Т.С.-қа ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешімі бойынша адвокат Т.С.-тың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Сондай-ақ РАА Тәртіптік комиссиясы адвокат Г.К.-ға қатысты Павлодар облысы адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының 2023 жылғы 27 қаңтардағы алқадан шығару туралы шешімін жойды және тәртіптік істі қарауы кезінде тәртіптік іс қозғауға рұқсат етілетін себептердің болмауына байланысты, атап айтқанда Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы Ереженің 55-тармағына сәйкес адвокат оларға қатысты адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін Комиссия қарауына негізіз табылатынына байланысты, адвокат Г.К.-ға қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

Осы аптада РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 20 хатты, сондай-ақ 21 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.