8 ақпанда РАА төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Отырыста қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері бойынша сотқа дейінгі қадағалау институтын енгізу мәселесі талқыланды.
9 ақпанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен оның орынбасары Игорь Вранчев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Әділет министрлігі ұйымдастырған қылмыстық заңнаманы оңтайландыру туралы заң жобасы бойынша кеңеске қатысты.
9 ақпанда РАА төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің жұмысына қатысты.
10 ақпанда РАА Тәртіптік комиссиясының отырысында екі тәртіптік іс қаралды. Қарау қорытындысы бойынша Тәртіптік комиссия Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокатына қатысты тәртіптік іс қозғау үшін негіздердің болмауына байланысты тәртіптік істі қарауды тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, РАА Тәртіптік комиссиясы Атырау облыстық адвокаттар алқасы Тәртіптік кеңесінің 22.12.06. шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.
13-14 ақпанда РАА Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің біліктілік комиссиясының отырыстарын өткізді.
16 ақпанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен оның орынбасары Игорь Вранчев Әділет министрлігі жанындағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысына қатысты. Кездесуде азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту және қылмыстық процестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
17 ақпанында РАА Төралқасы отырысында:
- 2022 жылға арналған адвокатураның жай-күйі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша адвокаттардың қызметі туралы Үлттық баяндамасы бекітілді.
- 2023 жылғы 22 ақпанда жай-күйі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша адвокаттардың қызметі туралы Үлттық баяндаманың қабылдануына байланысты баспасөз конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады;
- Ұлттық баяндаманы 100 дана етіп жасап, мүдделі органдарға, аумақтық адвокаттар алқаларына жіберу туралы шешім қабылдады.
- Түркістан облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасына және Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокатына қатысты шағымды қараусыз қалдырды;
- Аттестаттаудан өткізу туралы Ереже және тиісті заң талаптарына сәйкес адвокаттарды бес жылда бір рет өтетін кезекті аттестаттаудан өткізуге тест сұрақтарын ресімдеу үшін қажетті нормативтік құқықтық актілердің түрлерін РАА Төралқасының мүшелері арасында бөлуді бекітті.
РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 64 хатты, сондай-ақ 37 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА төрағасы мен төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.