home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА: 04.01.2023 – 06.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 04.01.2023 – 06.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 04.01.2023 – 06.01.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
07.01.2023

6 қаңтар күні РАА президиумы мен ҒКК мүшелері, РАА Төрағасы мен оның орынбасары, ҒКК төрағасы, атқарушы директоры ҚР Парламенті Сенатының «Іс жүргізу заңнамасын, адвокаттық қызмет пен заң көмегін, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау жұмыс тобының басшысымен  онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар Қазақстан адвокатурасын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде РАА тарапынан дайындалған ұсыныстарды одан әрі қараудың ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады. Сенатта заң жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

 

6 қаңтарда ААА төрағаларының қатысуымен РАА Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Республикалық адвокаттар алқасының президиумы:

- Әділет министрлігі ұсынған мемлекет кепілдендірілген заң көмегіне ақы төлеу қағидаларына адвокат көрсеткен заң көмегінің сомасын минутпен есептеуге байланысты түзетулерді қолдамады;

- заң көмегін көрсету мерзіміне қарамастан, адвокаттарға мемлекет кепілдендірілген заң көмегі шеңберінде көрсетілген қызметі үшін тек сағаттық мөлшерлеме бойынша ақы төлеу ұсынылатын ұстаным бекітілді;

- Әділет министрлігіне мемлекет кепілдендірілген заң көмегі мөлшерлемелерін қайта қарау, АЕК-тен ЖТМ-ға көшу, басқа елді мекенге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ өз клиенттерімен кездесу бөлігінде ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылдады;

- «Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық "Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін әзірлеу, ұйымдастыру, дамыту бойынша қызметтерді көрсету шартының бұзылуына байланысты заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылу туралы шартын тоқтату туралы шешім қабылдады.

 

Өткен апта РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 24 хатты құрады, оның ішінде 8 шағым мен өтініш. Барлық шағымдар қаралуда.