2 шілдеде РАА қатысуымен жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың табысы болмаған кезеңдерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеу тәртібіне және нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізуге байланысты мәселелерді талқылау жөнінде кеңес өткізілді. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ ұйымдастырған кездесу жұмысына адвокаттармен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің өкілдері, медиаторлар мен нотариустар қатысты. Аталған мәселе бойынша талқылау жалғасуда.
3 тамызда РАА төралқасының отырысы өтті, онда 2022 жылдың қаңтар-ақпан және шілде-тамыз айларында алқа мүшелерінің санындағы айырмашылықты ескере отырып, 2022 жылдың алғашқы екі айында РАА-ға аумақтық адвокаттар алқаларының ай сайынғы аударымдарын 2022 жылдың шілде және тамыз айларындағы аударымдар есебінен есептеу туралы шешім қабылданды.
Қазақстан адвокаттарының Республикалық спартакиадасына дайындықты талқылау қорытындысы бойынша РАА төрағасы мен оның орынбасарының жалақысы есебінен, сондай-ақ шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды үнемдеу, РАА сайтын құру және негізгі құралдарды сатып алудан үнемделген қаражат есебінен аудару арқылы іс-шараның бюджетін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Іс-шараның шығыстарына қатысты мәселе спартакиада бойынша ұйымдастыру комитетінен қосымша ақпарат алғаннан кейін РАА Төралқасының келесі отырысында талқыланатын болады.
Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын өзгертуге қатысты екі адвокатты, С. К. Жұмабеков пен Д. Ю. Козловты олардың өтініші бойынша комиссия құрамынан шығару және комиссия төрағасы Т. Қ. Назханов ұсынған А. С. Жұмағазиеваны, м. с. Мұхамадиевті және Р. А. Шерубаевты комиссия мүшелерінің қатарына енгізу туралы шешім қабылданды. Сондай ақ төралқа шешімі бойынша еңбегімен ерекше көзге түскен адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бірқатар мүшесіне Комиссия төрағасы Т. К. Назхавновтың өтініші негізінде 45 000 теңгеден сыйақы тағайындалды.
РАА төралқасының отырыстарына оның мүшелерінің 2022 жылдың басынан бастап қатысу статистикасы қарастырылды. Нәтижесінде РАА төралқасының мүшелеріне отырыстарды себепсіз өткізбеу, сондай-ақ өкілдері көрсетілген кезеңде РАА Президиумы отырыстарының едәуір санын дәлелсіз себептермен жіберіп алған аумақтық адвокаттар алқаларына РАА-дан хаттар жолдап, отырыстарға себепсіз қатыспаған жағдайлар жайлы ақпаратты нақты көрсеткіштерді көрсете отырып, ақпарат беру ұсынылды.
Сондай-ақ Төралқа аумақтық адвокаттар алқаларының РАА-ға аударымдар бойынша берешекті өтеуі туралы мәселені көтерді. Бүгінде бірқатар аумақтық алқалар қарыздарын өтеген. Қарыздары бар адамдарға оны ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін толығымен өтеу ұсынылады.
"Жаңа Қазақстан – жаңа адвокатура" Қазақстан адвокатурасын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген түзетулер жобаларын талқылау РАА Төралқасының келесі отырысында аяқталады.
5 тамызда Адвокатураның тәртіптік комиссиясының отырысы өтті, оның барысында комиссия мүшелері тәртіптік органдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізу бойынша жобасын талқылады. Сондай-ақ, комиссия мүшелері шағымды өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданған адвокатқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының шешімімен келіспейтіні туралы сотталушының шағымын қарады.
3 тамызда Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында адвокаттық сауалға жауап беруден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талапты қарау аяқталды, онда Республикалық адвокаттар алқасын мүдделі тұлға ретінде РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы С.Сизинцев ұсынды. Сот үшінші тұлғалардың мүлікке құқықтары туралы сауалға жауап беруден бас тартуды заңсыз деп тану туралы шешім шығарды және әкімшілік органға сұралған құжаттарды беруді міндеттеді. Шешім әлі күшіне енген жоқ.
Осы аптада РАА-ға келіп тұскен кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 53 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 19 шағым бар. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.