home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық конференция РАА органдарының мүшелерін сайлап, Жарғы мен Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексіне өзгерістер енгізді

Республикалық конференция РАА органдарының мүшелерін сайлап, Жарғы мен Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексіне өзгерістер енгізді

Республикалық конференция РАА органдарының мүшелерін сайлап, Жарғы мен Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексіне өзгерістер енгізді
23.11.2026

2026 жылғы 21 қарашада Астана қаласында Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы өтті. Конференция делегаттары Республикалық адвокаттар алқасы (РАА) Төралқасының мүшелерін және Адвокатураның тәртіптік комиссиясының құрамына жұртшылық өкілдерін сайлады. Сондай-ақ РАА Жарғысы мен Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексіне өзгерістер қабылдады.

РАА Төралқасының құрамы

Конференция барысында Төралқаның 34 мүшесі сайланды. Ал 2025 жылғы 21 қарашада сайланған тағы алты мүшенің өкілеттігі 2029 жылға дейін жалғасады. Осылайша, РАА Төралқасының құрамына әрбір аумақтық адвокаттар алқасынан екі өкілден, барлығы 40 адвокат кіреді.

РАА Төралқасының құрамына төмендегі адвокаттар енді:

  • Абай облысының адвокаттар алқасы: Жарылгасин Айдос Максатович, Бимбетов Асхат Болатбекович.
  • Алматы қалалық адвокаттар алқасы: Дзауров Муса Султанович, Жазылбеков Нурлан Абдужапарович.
  • Астана қаласының адвокаттар алқасы: Жамансариев Кажикан Николаевич, Даниалова Асемгуль Маратовна.
  • Алматы облыстық адвокаттар алқасы: Бегимбетова Куралай Темиртайкызы, Дарибек Алмас Сайлаубекұлы.
  • Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы: Тюлеубаева Раушан Зинаддиновна, Асауов Еркен Айбасович.
  • Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы: Хабиев Дархан Талгатович, Ерназаров Жомарт Тлеккабылович.
  • Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы: Рашимбаева Гульмира Патиевна, Алагөз Нұрғиса Садуахасұлы.
  • Жетісу облысының адвокаттар алқасы: Сихимбаев Нурлан Джолдасбекович, Андреев Виктор Александрович.
  • Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы: Исин Амангельды Несипбекович, Умуркулов Серик Капарович.
  • Қостанай облыстық адвокаттар алқасы: Нурпейсов Бактыбек Абатович, Турсунов Сабиржан Кушербайулы.
  • Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы: Наркешбаев Шадияр Турсынальевич, Садықов Асылбек Исламұлы.
  • Павлодар облыстық адвокаттар алқасы: Камшибаев Кайрат Жаскайратович, Джамалиденова Карлыгаш Кушимовна.
  • Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы: Сержантова Наталья Борисовна, Ильина Наталья Ивановна.
  • Ұлытау облысының адвокаттар алқасы: Бекжанов Марат Жарылканович, Кенжебек Мақсат Маратұлы.
  • Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы: Андреев Игорь Николаевич, Камидулинов Руслан Миргалиевич.
  • Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы: Суюндуков Айбек Бекайдарович, Тулегенов Артур Куанышевич.
  • Түркістан облыстық адвокаттар алқасы: Сапарбеков Нурсейт Аралбаевич, Тукибаева Шолпан Муратбековна.
  • Ақмола облыстық адвокаттар алқасы: Батиева Ардак Койшибаевна, Белоносова Татьяна Николаевна.
  • Атырау облыстық адвокаттар алқасы: Жакупов Руслан Кутлумуратович, Мукатанов Талғат Базарбаевич.
  • Шымкент қаласының адвокаттар алқасы: Әміре Сағадат Құлтайұлы, Мусакулов Нурдаулет Толедиевич.

Адвокатураның тәртіптік комиссиясының құрамындағы жұртшылық өкілдері

РАА Адвокатураның тәртіптік комиссиясының құрамына Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері болып табылатын депутаттардан екі жұртшылық өкілі сайланды.

РАА Жарғысына енгізілген өзгерістер

Конференция РАА Жарғысының ережелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған өзгерістерді қабылдады. Түзетулер редакциялық және нақтылау сипатында болып, терминологияны, салалық заңнамаға сілтемелерді, сондай-ақ РАА органдарының қызметін реттейтін жекелеген ережелерді жаңартуды көздейді.

Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер

Кодексте қолданылатын терминология мен салалық заңнамаға сілтемелер жаңартылды. Атап айтқанда, «білікті заң көмегі» ұғымын қолдану қарастырылды.

Сонымен қатар Кодекс адвокаттың өз кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кодекс талаптарына сәйкес жасанды интеллект жүйелерін пайдалану мүмкіндігін көздейтін жаңа нормамен толықтырылды. Мұндай технологияларды қолдану адвокаттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және адвокаттық құпияны сақтау талаптарын қоса алғанда, қолданыстағы кәсіби талаптарды сақтауды көздейді.