Бүгін Астанада елордалық адвокат Дәулет Жұмағұловқа қарсы іс аяқталды. Сотта РАА қолдауымен және Әділет министрлігінің атсалысуымен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиядан айыру туралы ісі аяқталды.
МКБЗК (мемлекет кепілдік берген заң көмегі) бағдарламасы бойынша жұмыс істеген адвокат 2023 жылғы 10 және 17 қазанда тергеу изоляторында өзінің қорғаушысына бармады деген негіздеме талап қоюға негіз болды.
Сотқа адвокаттың тергеу әрекеттеріне қатысқандығын растайтын материалдар ұсынылды. Қатені адвокат емес, тергеуші жасады.
Нәтижесінде, процесс барысында Астана қаласының Әділет департаменті Д.С. Жұмағұловты адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиядан айыру туралы талап қоюды қайтарып алу туралы шешім қабылдады.
Прецеденттің ауырлығына байланысты сот отырысына РАА төрағасы Айдын Бикебаев қатысты. Сонымен қатар әріптесті қорғауға адвокаттар Эльмира Жалмағамбетова, Айдана Нұркеева, Ержан Сиюбаев, Астана қаласының адвокаттар алқасының өкілі Аида Кабиева, сондай-ақ РАА бас маманы Санжар Айтқұлов қатысты.