home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ КЕҢСЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ КЕҢСЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ КЕҢСЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
17.07.2024

Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстанның елордасы – Астанада кеңсе сатып алды. Барлық жиырма аймақтық адвокаттар алқаларының төралқаласы мен заң кеңестерін орналастыру үшін материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған қызметтік үй-жайлары бар. Адвокатураның орталық өкілді органының кеңсесін алу адвокаттар институтының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтудағы маңызды және дәйекті қадам болып табылады.

Жаңа кеңсе Астананың орталығында, «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасы (Триумфальная арка) жанында орналасқан. Қолайлы үй-жайды таңдау үшін РАА Төралқа мүшелері қатарынан арнайы жұмыс тобы құрылды, ол көптеген нұсқаларды қарастырып, түпкілікті таңдау жасады. Оны сатып алу туралы шешім қабылдау үшін 2024 жылғы 15 шілдеде РАА-ның жоғары органы – әр аймақтық алқасынан жеті делегаттан тұратын Республикалық конференциясы шақырылды. Сондай-ақ осы шешімді РАА Төралқасы мақұлдап, бұл шешімнің алқалы қабылдағандығын нақтылады.

Жақын арада кеңсені жөндеу және жабдықтау жұмыстары басталады. Кеңсе және оның ашылу күні туралы толығырақ ақпарат РАА ресми сайтында және әлеуметтік желілерде беріледі.