home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық адвокаттар алқасы заң жобасын талқылауға шақырады

Республикалық адвокаттар алқасы заң жобасын талқылауға шақырады

Республикалық адвокаттар алқасы заң жобасын талқылауға шақырады
30.07.2015

Құрметті адвокаттар,

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының қарауына Инвестициялар және даму министрлігі ұсынған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Республикалық адвокаттар алқасына келіп түсті.

Осыған орай отандық тауар өндірушілерді қолдауға мүдделі адвокаттарды аталған заң жобасын талқылауға шақырамыз және ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді info@old.advokatura.kz электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Сіздердің конструктивті ұсынысытарыңыз Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгел баяндайтын болады.

Заң жобасының материалдарымен мына жерде танысуға болады.