home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҮШІНШІ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ ҰСЫНАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҮШІНШІ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ ҰСЫНАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҮШІНШІ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ ҰСЫНАДЫ
07.04.2025

РАА төралқасы 2024 жылдағы адвокатураның жай-күйі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша адвокаттардың қызметі туралы Үшінші Ұлттық баяндаманы бекітті.

Баяндамада адвокатура туралы заңнамада болған елеулі өзгерістерге талдау ұсынылған. Мәселен, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адвокаттық қызмет кепілдіктерін күшейту жөніндегі тапсырмалары 2024 жылы Мәжіліс депутаттары қолдаған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне түзетулерде көрініс тапты. Енді адвокаттар заңмен қорғалатын тұлғалардың қатарына қосылады, іс материалдарына қол жеткізу құқықтары да кеңейтіледі және олардың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі және т.б. Бұл түзетулерді қабылдау 2025 жылы күтіледі.

Алайда, оң заңнамалық өзгерістерге қарамастан, 2024 жыл адвокаттар қауымдастығы үшін қиын жыл болды.

Баяндамада мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің (МКБЗК) ауыр жағдайына ерекше назар аударылды. 2024 жылы адвокаттар бірнеше ай бойы көрсетілген көмек үшін төлемді күтті, қарыздар жинақталды, төлемдер жүйелі түрде болмады және қолмен жүргізілді. Көптеген өтініштерге қарамастан, мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Жүйенің Қазақстан азаматтарының игілігі үшін тиімді, ашық және уақтылы жұмыс істеуі үшін МКБЗК тетігін түбегейлі жақсартуға 2025 жылы нақты шаралар қажет.

Баяндаманың жеке бөлімі адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуына арналған. 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басы алаңдатарлық жағдайлармен ерекшеленді: сенімгерлерге қол жеткізудегі кедергілер, заңсыз процестік әрекеттері, құқық қорғау органдарының қысымы. Бұл оқиғалар бірнеше рет болған және адвокат мәртебесінің жүйелік осалдығын көрсетеді. ҚК мен ҚПК-ге жаңа түзетулер қабылдау адвокаттық қызметтің құқықтық кепілдіктерін күшейтуге бағытталған және мұндай бұзушылықтар қаупін азайтуға көмектеседі деп күтілуде. Республикалық адвокаттар алқасы осы нормалардың іс жүзінде қалай іске асырылатынын мұқият қадағалайтын болады.

Баяндама авторлары проблемаларды белгілеп қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды. Құжат адвокаттар мен заң қоғамдастығының өкілдеріне, сондай-ақ оның қорытындылары мен ұсынымдарын өз жұмысында пайдалана алатын мемлекеттік органдарға пайдалы болады.

Ұлттық баяндаманың толық мәтінін мына сілтеме бойынша қарауға болады: Ұлттық баяндама