Құрметті отандастар!
Республикалық адвокаттар алқасы Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке еліміздің тарихында ерекше орын алады. Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуын, тәуелсіздігін және халқымыздың бірлігін айшықтайтын маңызды күн.
Республика күні егемендігімізді сақтаудың, заң үстемдігін нығайтудың, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің маңызын еске салады. Бұл құндылықтар әділетті әрі құқықтық мемлекет құрудың берік негізі болып табылады.
Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен ертеңгі күнге сенім тілейміз. Әр шаңырақта бақ-береке мен татулық орнап, еліміз өркендеп, дами берсін!
Республика күні құтты болсын!