Бүгін Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасының отырысында Республикалық конференцияны өткізуге дайындық жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Бұған дейін РАА Төралқасы РАА төрағалығына үміткерлердің өзін-өзі онлайн-таныстыруын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Іс-шара 2025 жылғы 6 қараша күні сағат 19:00-де Zoom платформасында өтеді және РАА-ның ресми интернет-ресурстарында, соның ішінде Facebook парақшасынд, тікелей эфирде көрсетіледі.
Өзін-өзі онлайн-таныстырудың мақсаты – адвокаттар қауымдастығының ашықтығы мен хабардарлығын қамтамасыз ету.
Үміткерлер өтініш берген күніне сәйкес кезекпен сөз сөйлейді. Әр үміткерге 5 минутқа дейін сөз беріледі. Сұрақтарға жауап беру уақыты – әр үміткерге 10 минутқа дейін.
Модератор регламенттің сақталуын және сөз сөйлеулердің әдептілігін бақылайды, мазмұны ұқсас сұрақтарды біріктіріп, әдепке қайшы сұрақтарды жарияламауға құқылы.
Қатысушыларды тіркеу
Zoom режиміндегі үміткерлердің өзін-өзі онлайн-таныстыруына қатысу алдын ала тіркеуден өткен адвокаттарға ғана рұқсат етіледі.
Тіркеу 4 қарашада ашылады және 6 қараша сағат 17:00-ге дейін жалғасады.
Zoom-таныстыруға тіркелу https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_6Zq1wLOwRfCnZYfVj-l8Xg
Қатысушылар саны шектеулі — 1000 адамға дейін.
Zoom-ға тіркеліп үлгермеген адвокаттар РАА-ның ресми Facebook парақшасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Zoom арқылы қосылмаған адвокаттар өз сұрақтарын онлайн қатысып отырған әріптестері арқылы жолдай алады.
Zoom платформасына техникалық қолдау Алматы қалалық адвокаттар алқасының көмегімен көрсетіледі. Осыған байланысты әріптестерімізге ризашылығымызды білдіреміз.