Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңарту мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы 2022 жылғы 16 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізуді, оның ішінде, құқық қорғау институттарын күшейтуді көздейді.
Конституцияға сәйкес адвокаттар жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету міндетін атқарады. Сол арада Конституцияның қазіргі нұсқасында әркімнің жеке басының бостандығына құқығы аясында адвокат бір рет қана аталады. РАА пікірінше, адвокаттық қызмет конституциялық және құқықтық міндеттердің кең ауқымын қамтиды, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.
Осыған байланысты, РАА 2022 жылғы 18 наурызда ҚР Әділет министрлігіне прокуратура мен сотқа ұқсас Конституциядағы адвокаттық қызметтің мәртебесі мен кепілдіктерін жеке бапта регламенттеу мүмкіндігін қарау ұсынысымен хат жолдады. Сондай-ақ, РАА өкілдерін конституциялық түзетулерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу ұсынылды.
Хатпен осы сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: https://old.advokatura.kz/wp-content/uploads/MYU-18.03.22-1-1-1.pdf