home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТУРАДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ. ЕРЕЖЕЛЕР ӨЗГЕРДІ.

АДВОКАТУРАДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ. ЕРЕЖЕЛЕР ӨЗГЕРДІ.

АДВОКАТУРАДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ. ЕРЕЖЕЛЕР ӨЗГЕРДІ.
03.11.2022

РАА Төралқасы бекіткен адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ережеге енгізілген түзетулер бейінді Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті органмен келісілді.

2022 жылғы 1 қарашадан бастап прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының, соттардың қазіргі қызметкерлері, сондай-ақ қазіргі судьялар мүдделер қайшылығына және аталған адамдар мен адвокаттың іс жүргізу мәртебесінің айырмашылығына байланысты адвокатурада тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.

Сондай-ақ тағылымдама тағылымдамадан өтуші тіркелген облыста орналасқан заң консультациясында, адвокаттық кеңседе немесе адвокатта жүзеге асырылуы тиіс деген талап енгізіледі.

Ережеде тағылымдама басшысының әртүрлі негіздер бойынша, оның ішінде тағылымдамадан өтушінің қалауы бойынша ауысу жағдайлары көзделген, сондай-ақ осындай ауысу жағдайында тағылымдамадан өту мерзімдері регламенттелген.

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл өтілі бар адамдар үшін тағылымдама мерзімін 6 айға дейін қысқарту Ережедегі маңызды өзгерістердің бірі болды. Сондай-ақ, қазір тағылымдамадан өтуші келіспейтін тағылымдама басшысының қорытындысына адвокаттар алқасының төралқасына шағым жасалуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

Түзетулер адвокаттық тағылымдамадан формалды өту фактілерін болдырмау және адвокат мәртебесін алуға үміткерлерді даярлау сапасын арттыру мақсатында қабылданды.