13 қазан күні РАА Президиумының отырысы өтті. Онда 2025 жылдың 21 қарашасына тағайындалған адвокаттар алқаларының кезектен тыс республикалық конференциясында РАА төрағасы сайлауын өткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Отырыс барысында келесі ШЕШІМДЕР қабылданды.
1. РАА Төрағасы лауазымына кандидаттардың онлайн-кездесуі 2025 жыл 6 қарашада сағат 19:00-де (бұрын бекітілген 7 қарашаның орнына) Zoom платформасында өтеді.
Кездесудің мақсаты-кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын таныстыру және адвокаттардың сұрақтарына жауап беру.
2. Сайлау алдындағы пікірталастар 2025 жылы 15 қараша күні сағат 10:00-ге жоспарланды. Барлық өңірдің адвокаттары кандидаттардың сөйлеген сөздерімен танысуы үшін әлеуметтік желілерде онлайн-трансляцияны қамтамасыз ете отырып, офлайн форматта өтеді.