Астана. 2024 жылғы 19 қыркүйек сағат 10.00
Астанадағы баспасөз конференциясы: жаңа заңнамалық бастамалардың артында не тұр?
Адвокаттар қауымдастығын толғандыратын негізгі тақырыптар:
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Адвокаттардың құқықтарының бұзылуы, цифрлық жүйелердің кемшіліктері, адвокаттардың тәуелсіздігін шектеу әрекеттері –азаматтарға құқықтық көмектің сапасына қауіп төндіреді
Астана, 2024 жылғы 19 қыркүйек
2024 жылғы 19 қыркүйекте Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау және азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуге конституциялық құқықтарының бұзылуына қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын баспасөз конференциясын өткізеді. Соңғы айларда Қазақстан адвокаттары өз жұмысында елеулі кедергілерге тап болды, оның ішінде «E-Otinish» және «Zan Komegi», «Қадағалау» және «СТБТ» ақпараттық жүйелеріндегі техникалық проблемаларға байланысты, бұл олардың кәсіби міндеттерін орындауды айтарлықтай қиындатады.
Адвокаттардың құқықтарын бұзу жүйелі проблемаға айналуда. Атап айтқанда, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Гаухар Салимбаева құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан физикалық тұрғыда қысым көрді, ал Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Ирина Кошекова кеңсесін заңсыз тінтуге тап болды. Екі жағдай да адвокаттық құпияны бұзады және сот төрелігіне деген сенімге нұқсан келтіреді, бұл жедел тергеу мен шараларды қажет етеді. Сондай-ақ, соңғы уақытта соттардың жеке қаулылары, соның ішінде адвокаттарды лицензиялардан айыру туралы талаптар жиі шығарыла бастады. Бұндай қаулылар адвокаттарға қосымша қысым жасайды және олардың кәсіби тәуелсіздігіне қауіп төндіреді.
Әсіресе тергеу изоляторлары мен автомобильдердегі адвокаттарды заңсыз тыңдау фактілері алаңдатады, бұл олардың кәсіби құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Бұл оқиғалар тәуелсіз адвокатураның негіздерін бұзады және бүкіл сот төрелігіне қауіп төндіреді.
Баспасөз конференциясында адвокатураның тәуелсіздігіне елеулі әсер етуі мүмкін заңнамалық бастамалар да талқыланады. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттарды Қаржылық мониторинг жүйесінде тіркелуге және мемлекеттік бақылауға бағынуға міндеттей алатын кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға ұсынылған өзгерістерге алаңдаушылық білдіреді. Бұл шаралар халықаралық стандарттарға қайшы келеді және адвокатураның тәуелсіздігіне қауіп төндіреді.
Прокурорға қылмыстық қудалау органдарының мәлімдемелеріне адвокаттың теріске шығаруларды жариялай алатынын шешуге құқық беретін ҚПК-нің 201-бабына түзету қабылдауға мүлдем келмейді. Бұл норма айқын мүдделер қақтығысын тудырады және адвокатураның тәуелсіздігін өрескел бұзады, құқықтық мемлекет жағдайында бұған жол берілмеуі қажет және ол халықаралық стандарттарға қайшы келеді. Қудалау органдарының атынан өкілдік ететін прокурорлар адвокаттардың іс-әрекеттерін объективті түрде бақылай алмайды, бұл олардың тәуелсіздігін әлсіретеді және азаматтардың құқықтарын қорғау сапасына тікелей қауіп төндіреді.
Цифрлық жүйелермен жұмыс жасауда да күрделі мәселелер туындайды, мысалы «E-Otinish», «Қадағалау» и Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (СТБТ). Адвокаттар іс материалдарына қол жеткізуге кедергі келтіретін және қорғауындағы адамдарды қорғауды қиындататын техникалық ақауларға тап болуда. «E-Otinish» адвокаттық сауалдарға жауап берудің арнайы процедуралық мерзімдерін ескермейтіндігі және «Қадағалау» арқылы өңделген прокуратураның жауаптары көбінесе «E-Otinish»-те көрінбейтіндігі ерекше алаңдаушылық туғызады, бұл азаматтардың құқықтарын қорғаудағы кідірістерге және қосымша проблемаларға әкеледі.
«Zan Komegi» жүйесі арқылы жүргізілетін төлемдердің ұзақ кідірістері жағдайды күрделендіре түседі. Жүйе толығымен автоматтандырылған деп енгізілгенімен, адвокаттар бірнеше ай бойы жұмыс ақысын күтуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта мамыр айында орындалған тапсырмалар үшін төлемдер тек қазан айында өңделе бастайды. Ал сол кезде прокурорлар мен тергеушілер, бірнеше ай күтуге мәжбүр болған адвокаттардан айырмашылығы, жалақыларын ай сайын және уақтылы алады. Бұл кідірістер мемлекет кепілдік берген заң көмегі (МКБЗК) бойынша өте төмен тарифтермен қатар адвокаттардың құқықтарын бұзады және азаматтарға құқықтық көмектің сапасына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, көрсетілген көмек үшін адвокаттың жалақысы қандай болатынын шешетін процестік қарсыласына тәуелділікті жою бойынша ұсыныстарымыз ескерілмеді, бұл мәселені ушықтырады және адвокаттардың тиімді жұмысына қосымша кедергілер тудырады.
Республикалық адвокаттар алқасы журналистерді аталған мәселелерді және олардың елдің құқықтық жүйесіне әсерін егжей-тегжейлі талқылау үшін баспасөз конференциясына шақырады.
Адвокатураның тәуелсіздігі әділ сот төрелігінің негізі болып табылады және оны қорғау – Қазақстанның әрбір азаматының құқықтарын қорғау. Біз адвокаттық тәуелсіздіктің одан әрі әлсіреуіне жол бермеуге шақырамыз.
Баспасөз конференциясы 2024 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 10.00-де өтеді.
Өтетін орны мен уақыты: «Дипломат» қонақ үйі, бірінші қабат
Аккредиттеу үшін байланыс деректері: Байжигитова Бакыт +7702788 5159, Кудабаева Айнаш +7 705 1135599