home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ ҰСЫНУ.

РАА БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ ҰСЫНУ.

РАА БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ ҰСЫНУ.
20.02.2023

2023 жылғы 22 ақпанда Ұлттық баспасөз клубында Республикалық адвокаттар алқасының баспасөз конференциясы өтеді, оның барысында 2022 жылғы адвокатураның жағдайы және адвокаттардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметі туралы Ұлттық баяндамасы ұсынылатын болады.

Ұлттық баяндаманы адвокаттар алқасы алғаш рет дайындады. Мұндай құжатты әзірлеу қажеттілігі заңгерлер көп жылдар бойы күресіп келе жатқан қордаланған мәселелерге байланысты.

Осы проблемалардың бірі – адвокаттардың кәсіби құқықтары мен олардың қызметінің кепілдіктерінің бұзылуы, бұл біздің еліміздің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей әсер етеді. Сонымен бірге адвокаттық қызметке өрескел кедергі жасау жазасыз қалып отыр.

Баяндамашылар адвокаттардың өз клиенттерімен кездесуіне рұқсат етілмеген немесе іске қатысудан толықтай шеттетілген, клиентпен кездесудің құпиялылығы сақталмаған, адвокаттардың қауіпсіздігі бұзылған, сондай-ақ оларға қатысты басқа да заң бұзушылықтар туралы кейбір мысалдар туралы айтады.

Республикалық адвокаттар алқасы БАҚ өкілдерін баспасөз конференциясына шақырып, Ұлттық баяндаманың арқасында оның үні естіліп, мемлекет ақыры адвокаттардың мәртебесін көтеруге бағытталған толыққанды реформаларға әкелетін қадамдар жасайды деп үміттенеді.

 

 БАЯНДАМАШЫЛАР:

Бикебаев Айдын Жолшыұлы

РАА Төрағасы

Вранчев Игорь Олегович

РАА Төрағасының орынбасары

Шаймерденов Мейрам Жарылғапұлы

РАА Төралқасының мүшесі

Умарова Айман Муратовна

РАА Төралқасының мүшесі

Даубалаев Мейрбек Тилләбекұлы

РАА Төралқасының мүшесі

 

Баспасөз конференциясының өтетін орны:

Астана қ, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Ұлттық баспасөз клубы

РАА баспасөз хатшысы, Байжигитова Бақыт  +7 702 788  51 59, +7 705 113 55 99