Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына адвокатура өкілі кірді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 22 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Оның құрамына Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Жомартұлы Мырзағараев кірді.
Қазақстан Халық Кеңесі — халықтың мүддесін білдіретін жоғары конституциялық-консултативтік орган. Кеңес заң шығару бастамасы құқығына ие, ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді және мемлекет пен қоғам арасындағы жалпыұлттық диалогты қамтамасыз етеді.
Адвокатура өкілінің Кеңес құрамына енуі қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға және елімізде құқықтық мәдениетті дамытуға адвокаттар қауымдастығының қатысу маңыздылығын айқын көрсетеді.