home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТУРА ӨКІЛІ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАЙЫНДАЛДЫ

АДВОКАТУРА ӨКІЛІ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАЙЫНДАЛДЫ

АДВОКАТУРА ӨКІЛІ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАЙЫНДАЛДЫ
29.06.2023

2023 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Жолшыұлы Бикебаевтың Жоғарғы Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Бұл қызметке РАА Президиумының мүшесі, РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы, «De Facto» атвокаттық фирмасының бастығы Сергей Васильевич Сизинцев тағайындалды. Жоғары Сот Кеңесінің құрамына тағайындау туралы тиісті ұсынымды бұрын РАА Төралқасы жолдаған болатын.
Адвокатура өкілінің бұл қызметке қайта тағайындалуы судья мәртебесіне үміткерлерді объективті және бейтарап іріктеуді қамтамасыз етуге бағытталған дұрыс шешім болып табылады. Ол судьялардың тәуелсіздігін және сот корпусын қалыптастыру тәртібінің ашықтығын нығайтуға қызмет етіп, азаматтық қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Республикалық адвокаттар алқасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне адвокаттар алқасының ұсынысын қабылдағаны үшін алғыс білдіреді.