ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
31.12.2023

Құрметті адвокат-әріптестеріміз!

Кетіп бара жатқан жыл күрделі оқиғалармен басталып, адвокаттар халыққа білікті заң көмегін көрсету жөніндегі конституциялық миссиясын лайықты атқарды. 

Республикалық адвокаттар алқасы биыл адвокаттардың жүйелі мәселелерін шешуге бар күшін салды. Біз қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан – жаңа адвокатура» тұжырымдамасын қабылдадық және оны жүзеге асыру үшін заң жобасын дайындадық. Ол қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен пысықталуда. Адвокаттар алқасының мүддесіне әсер ететін барлық заң жобалары бойынша жұмыс топтарына қатыстық. Адвокаттар құқықтары мен кепілдіктерін шектейтін бірнеше түзетулерді қабылдауға жол бермедік. РАА өкілдері соттарда, сонымен қатар, Жоғарғы Сотта адвокаттар құқықтарын қорғауға қатысып, жеңіске жетті.

Өкінішке орай, барлық әрекеттер сәтті болмады. Сондықтан келер жыл бізден алдағы міндеттерге төтеп беру үшін жаңа күштерді талап етеді.

2023 жыл сізге және отбасыларыңызға денсаулық, береке, татуластық және сәттілік әкелсін! 

Әріптестердің түсіністігі, достардың адалдығы және жақындарыңыздың сүйіспеншілігі бәріңізбен бірге жүрсін! Сіздің кәсіби өміріңізде жаңа самғаулар тілейміз!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

 

Құрметпен, Республикалық адвокаттар алқасы