Құрметті қазақстандықтар!
Адвокаттар қауымдастығының атынан сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз — бұл біздің еліміздің егемендігі мен бірлігін бейнелейтін күн.
Адвокатура құқықтық мемлекеттің негіздерінің бірі ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділеттілікті қамтамасыз ету және заң үстемдігін нығайту сияқты маңызды қоғамдық миссияны атқарады. Адвокаттардың құқықтық мемлекет қалыптастыруға және азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес.
Өзінің жоғары жауапкершілігін сезіне отырып, адвокатура шын мәнінде құқықтық және әлеуметтік тұрғыда қорғалған қоғам қалыптастыруға күш салып, тұрақты және әділетті қоғамдық институттардың дамуына өз үлесін қосуда.
Қазақстан Республикасына бейбітшілік, амандық және өркендеу тілейміз!