Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Біз бірігіп демократиялық, құқықтық мемлекет құрып жатырмыз. Еліміздің барлық жетістіктері мен табыстары – өз Отанының тағдыры үшін ортақ жауапкершілікпен біріккен барлық қазақстандықтардың бірлігінің нәтижесі.
Еліміз гүлдене берсін, отбасыңызға тыныштық пен келісім, зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!