home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ІІМ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ АДВОКАТТАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МЕН КЕЗДЕСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАТТАМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ІІМ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ АДВОКАТТАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МЕН КЕЗДЕСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАТТАМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ІІМ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ АДВОКАТТАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МЕН КЕЗДЕСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАТТАМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
12.05.2023

ІІМ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ АДВОКАТТАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МЕН КЕЗДЕСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАТТАМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 

2023 жылғы 07 сәуірде өткен ІІМ басшылығының адвокатурамен «Ішкі істер органдары мен адвокаттардың ара-қатынастарының мәселелері» тақырыбындағы кездесуінің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды, оның барысында келесі шешімдер қабылданды:

1. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Аумақтық полиция департаменттері мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттеріне аймақтық адвокаттар алқаларымен ішкі істер органдары мен адвокаттар қоғамдастығының ара-қатынастар мәселелерін талқылай отырып, бірлескен кеңейтілген кездесулер өткізу;

2. Ағымдағы жылдың 25 маусымына дейін бірлескен отырыстардың хаттамаларын ІІМ Тергеу департаментіне және РАА-ға жіберілсін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2016 жылғы 8 қаңтардағы ҚР Ішкі істер министрлігінің № 1 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты мен Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер органдары аумағы мен әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және полиция органдарының ғимараттарына, ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларына барған кезде әкімшілік немесе қылмыстық процесті жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігінің Орталық аппараты мен Ішкі істер департаментінің қабылданған қаулы шеңберінде іс жүргізу немесе тергеу әрекеттеріне қатысу үшін келген адвокатқа компьютерлерді, смартфондарды және басқа да техникалық құралдарды алып жүруге тыйым салмау туралы өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастырсын;

3. Ағымдағы жылдың 07 шілдесіне дейін ҚАЖК-не РАА-мен отырыс барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, жаңа Меморандум жасасу тапсырылды;

4. Iшкi iстер министрлiгi адвокаттардың сұрақтарына жазбаша жауаптар дайындап жiберсiн, сондай-ақ кездесуде айтылған адвокаттармен өзара әрекеттесу кезiнде туындайтын барлық проблемалық мәселелер бойынша, жеке құрамның назарына жеткiзіп, тиісті шаралар қабылдасын;

5. РАА азаматтарды уақтылы қорғауды қамтамасыз ету және азаматтарға заң көмегін көрсету мақсатында тергеу органдары айтқан проблемалық мәселелерді (кезекшілік кестесін сақтау, тергеуге уақтылы келу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде және адвокаттар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барған кезде туындайтын әрекеттер, мәліметтерді жария етуге жол бермеу туралы түсініктемемен танысу және т.б.), азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдай отырып, әрбір адвокаттың назарына жеткізсін.