АДВОКАТТЫ БАҚЫЛАУ - ЗАҢДЫ БҰЗУ

АДВОКАТТЫ БАҚЫЛАУ - ЗАҢДЫ БҰЗУ
14.07.2022

Республикалық адвокаттар алқасы Бас прокурорға, Ішкі істер министріне және Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіліне адвокат Л.А. Рамазанованың адвокаттық қызметіне кедергі жасау туралы өтінішіне байланысты тиісті ден қою шараларын қабылдау қажеттігі туралы хабарлап жүгінді.

Л.А. Рамазанованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 шілдесінде адвокат өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында "Hyndai Elantra" (нөмірі 748 AEC 05) және "Toyota Highlander" (547 AJK 02) маркалы автокөліктерінде оны қудалаған екі адамды байқаған.
Осыған байланысты, Рамазанова Л.А. дереу әріптестерінен көмек сұрады. Адвокаттар тарапынан қабылданған шаралардың нәтижесінде көліктердегі белгісіз адамдар тоқтатылды.

Аталған адамдардың адвокатты қудалауы, сондай-ақ осы факті бойынша Алматы қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры Д.Қожахметов пен Алматы қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Е. Узабаевтың тиісті ден қою шараларын қолданбауы адвокатқа қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілді деген күдік тудырды.

Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК-нің 232-бабының 8-бөлігінде адвокаттардың ауыр немесе аса ауыр қылмыс дайындалып жатыр немесе жасалды деп пайымдауға негіз болған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тікелей тыйым салынған.

Республикалық адвокаттар алқасы өз өтініштерінде Л.А. Рамазанованың адвокаттық қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша ерекше бақылау және заңда көзделген жауапкершілікке тарта отырып, бақылау жүргізген адамдарды анықтау үшін шаралар қабылдау, сондай-ақ кезекші прокурордың және жергілікті полиция бастығының жауаптылығына қатысты мәселені қарау қажеттігі туралы мәлімдейді.

Обращение в Генеральную Прокуратуру Республики Казахстан

Обращение в Министерство Внутренних дел Республики Казахстан

Обращение к Уполномоченному по правам человека в Республике Казахстан

Обращение в Комиссию по защите профессиональных прав адвокатов РКА