home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесінің ашылуы: үш жылдық еңбек пен әріптестердің біріккен күш-жігерінің нәтижесі

Республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесінің ашылуы: үш жылдық еңбек пен әріптестердің біріккен күш-жігерінің нәтижесі

Республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесінің ашылуы: үш жылдық еңбек пен әріптестердің біріккен күш-жігерінің нәтижесі
18.04.2025

Бүгін Астанада барлық 20 аумақтық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен Республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Мұрат Қадырбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспан, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов, ҚР Конституциялық Соты аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров, ҚР Әділет министрінің орынбасары Ботагөз Жақселекова, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов және РКА-ның бірінші төрағасы Әнуар Түгел құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Астана қаласының Адвокаттар алқасының төрағасы Руслан Узканов, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Галия Ибраева, Алматы облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Сәкен Мақышев, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Бауыржан Ерманов, Атырау облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Демесинов, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Анжелика Раисова, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Оқасбай Әбікенов, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Камбаров және Шымкент қаласының Адвокаттар алқасының төрағасы Серік Баймуратов, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейрбек Даубалаев, Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Бауыржан Мұсаев.

Кеңсенің ашылуы отандық адвокатураны дамытудағы алға жасалған қадам ғана емес, сонымен бірге бірлік, ортақ іске деген сенім және өз кәсібіне деген адалдықтың символы болды. Үш жыл ішінде бүкіл Қазақстанның адвокаттары адвокатура мен құқық қорғау қызметін дамытуға қызмет ететін кеңістік құру үшін қажет бюджетті қалыптастырды.

Кеңсенің заманауи инфрақұрылымы алқа жұмысының тиімділігін арттыруға, билік өкілдері, ғылыми қоғамдастық, судьялар корпусы және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау үшін ашық алаң құруға мүмкіндік береді.

«РҚА кеңсесі -  адвокатураның мүддесін қорғау үшін аса маңызды шешімдер қабылданатын, адвокаттар қауымдастығының үні  естілетін, оң өзгерістерге бағытталған жұмыс жүргізілетін кеңістік.

Біз жаңа кеңсенің қабырғасында адвокатураның 100 жылдан астам тарихы, оның қалыптасуы, адвокаттар одағы, Республикалық алқа туралы, қиын, кейде қауіпті кездерде әділдікті қорғаған алғашқы Қазақстандық адвокаттар жайында  айтылғанын, талқыланғанын қалаймыз. Атақ үшін жүрген қорғаушы емес, басқа таңдауы болмаған құқық қорғаушы туралы.

Жаңа кеңсенің ашылуы — болашаққа жасалған үлес. Біз оның адвокатураға деген сенімді нығайтуда, әділдікті ілгерілетуде және құқықтық мемлекеттілікті дамытуда маңызды дәнекер болатынына сенімдіміз», – деді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев.

Жаңа кеңсе сапалы және тиімді жұмыс істеу үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған: жайлы конференц-зал, заманауи инфрақұрылым, қабылдау аймағы және жұмыс кабинеттері ескерілген

Жаңа кеңсе Астана қаласы, Ә.Бөкейхан даңғылы, 16/2, ВП-1 мекенжайында орналасқан.

Республикалық адвокаттар алқасы кеңсесінің есігі елдің әр адвокаты үшін ашық. Келіңіздер, бізбен жетістіктеріңіз, мұң-мұқтажыңыз, мәселелеріңіз және ұсыныстарыңызбен бөлісіңіз. Біз сізге көмектесуге дайынбыз.

Кеңсе мәселесін шешуге байланысты келесі республикалық конференцияның қарауына Республикалық адвокаттар алқасына жарнаны 50 пайызға қысқарту туралы мәселені енгізу жоспарлануда.

РКА Төрағасының алғысы Президиум мүшесі, Адвокаттар алқасының адвокаты Сауле Акатова мен оның жұбайы Ерғали Акатовқа, Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Эльвира Абдулинаға, Президиум мүшесі, Абай адвокаттар алқасының адвокаты Галина Алимгожинаға, Президиум мүшесі, Жетісу адвокаттар алқасының адвокаты Алмас Демесиновке, Президиум мүшесі, Ұлытау адвокаттар алқасының адвокаты Гаухар Айтжановаға, сондай-ақ дизайнерлер командасына: Wellness Interiors Design Studio – Диана Лившицке, «Tengri Home» студиясы – Даурен мен Назерке Досхожаевтарға, «Zaman Trust» ЖШС – Мұратбек Оспанов пен Қайрат Рахимжановқа табысталды.

Сондай-ақ, РКА-ның штаттық қызметкерлері Айнаш Құдабаева, Рысбек Нұрпейісов, Санжар Айтқұлов, Баян Жолдас және Жеңіскүл Жұмашеваға ерекше алғыс білдірілді.

Еске салсақ, Республикалық адвокаттар алқасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. ҚР Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адвокаттар мен адвокаттар алқаларының өкілдігі мен мүддесін қорғау, адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсететін заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әрекет етеді.

РАА негізгі миссиясы - қазақстандық адвокатураның мүддесін ілгерілету және биліктің барлық деңгейінде елдің барлық адвокаттарының құқықтарын қорғау, адвокат мамандығы құрметті, қорғалған, жоғары ақы төленетін, тәуелсіз және нақты іс жүргізу және институционалдық мәртебеге ие болуына ықпал ету.