Республикалық адвокаттар алқасы, адвокаттарды сот ғимараттарына және басқа да мемлекеттік мекемелерге өткізуден заңсыз бас тарту, сондай-ақ тексеру, қарау, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын, аудиоаппаратураны, компьютерлік техникасын алып қою арқылы соңғы кездері заңды адвокаттық қызметке кедергі жасау фактілері жиілеп кеткендігіне аса алаңдатушылық білдіреді.
Көрсетілген жағдайлардың жартысы бұқаралық ақпарат құралдарында дәлелдемелер жариялаудың арқасында кеңінен қоғамдық резонанс туғызуда. Күнделікті болып жүрген осындай фактілердің көбісі, қоғамның назарынан тыс қалуда.
Сонымен қоса, адвокаттардың шағымдарына, тиісті органдар ведомстволық нұсқауларға, ал соңғы кездері – террористік қауіптерге сілтеме жасай отырып, формальді жауаптермен шектеліп отыр.
Адвокат қандай да бір қауіп төндірсе, ол сол судьялар, прокуратура және тергеу қызметкерлерінен артық қауіп төндірмесі анық және осылардың әрқайсысы үшін күнделікті қызметтік міндеттерін орындау бірінші жұмыс орнына келуден басталады. Бірақ, осы жолдағы кедергі келтірулерге тек қана адвокаттар шыдап келеді.
Осыған байланысты келесіні еске түсіруді қажет деп санаймыз: заңдар адвокаттардың құқықтары мен кепілдіктерін нақты айқындайды. Заңнамалар сақталған болса, осындай бұзушылықтар орын алмайтын еді.
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 5-тармақшасында тиянақты айтылған, «адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады». Осы заңның 17-бабы 1-тармақшасына сәйкес, «заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға не осы қызметке қандай да болмасын тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады».
Осыдан басқа, «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 17-бабының 5-тармақшасы бекіткендей «Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды».
Тиісінше, осы заңның 17-бабының 10-тармақшасына сәйкес «адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады».
Сонымен бірге, мемлекеттік органдар жауаптарында сілтеме жасайтын «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы адвокаттарды арнайы субъект ретінде көрсеткен статусқа ешқандайда қатысы жоқ және жоғарыда көрсетілген құқықтар мен кепілдіктерді бұзуға ешқандай негіздерді қамтымайды.
Алу, қарау, тексеру, алып қою және адвокаттардың мүліктерін тексеру тек қана Қылмыстық процестік кодексте және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қарастырылған. Адвокаттардың мүліктері және сонымен байланысты барлық заттар құқықбұзушылықтың құралы немесе мәні болған және құқықбұзушылық орын алған жерде табылған немесе әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өнідірісті қамтамасыз ету шараларын қолдану кезіндегі жағдайларда ғана қарастырады. Осындай жағдайлар орын алғанның өзінде, Қылмыстық процестік кодекстің 220-бабында көрсетілген ережелерді сақтай отырып қатаң түрде қарау жүргізілуі тиіс.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың іздерін, басқа да материалдық объектілерді, құқықбұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу үшін мән-жайларды анықтау – Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 794-бабының ережелері бойынша жүзеге асады.
Республикалық адвокаттар алқасы, іс бойынша жүргізілетін өндіріс, қауіпсіздікті және соттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жағдайларға сәйкес болуын сөзсіз құптайды. Бірақ, сонымен қатар адвокатураның мұндай қауіп-қатерге ешқандай да қатысы жоқ екендігін біржолата мәлімдейді. Адвокаттар сот ғимараттарына және мемлекеттік мекемелерге кіру құқықтары, осыған қоса адвокаттарды тексеру, қарау, алып қою және мүлігін тексеруге, онымен бірге ұялы байланыс, аудиоаппаратура, компьютерлік техника құралдарын алуға тыйым салу заңнамамен бекітілген құқықтары негізінде олар арнайы субъектілер болып табылады.
Осыған орай, адвокатқа қатысты көрсетілген іс-әркеттер ҚПК және ӘҚБК шеңберінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Заң және жалпы нормативтік-құқықтық акті болып табылмайтын соттың және басқа да мемлекеттік органдардың ішкі ведомстволық өткізу режимі, заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметтегі кепілдіктерге айқын қарам-қайшы болып келеді.
Қандай да уақытша алып қою, тексеру, қарау, алу және адвокаттың мүлігін соның ішінде ұялы телефондарын, аудиоаппаратураны, компьютерлік техниканы тексерусіз соттардың ғимараттарына және басқа да мемлекеттік органдардың мекемелеріне адвокаттың бөгетсіз кіруі үшін тек қана бір-ақ құжат жеткілікті – адвокаттың куәлігі!
Аталған позицияны заң жағынан қарастыратын болсақ, жалғыз ғана дұрыс және барлық мүдделі субъектілер үшін сөзсіз орындауға жатқызылады. Тиісінше, заңға қайшы келетін барлық ішківедомстволық нұсқаулар жойылуы тиіс.
Лайықты мемлекеттік органдардың басшылығы осы заңнамалардың ережелерімен танысуын және оларды өткізу режимін бақылайтын барлық тұлғаларға тезірек жеткізілгенін талап етеміз!