home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТУРА ТӘРТІПТІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЛЫ

АДВОКАТУРА ТӘРТІПТІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЛЫ

АДВОКАТУРА ТӘРТІПТІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЛЫ
23.12.2022

Адвокатураның тәртіптік комиссиясы ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында аумақтық алқаның адвокатын жауапқа тарту туралы және аумақтық алқалардың Тәртіптік комиссиялары қабылдаған шешімдермен адвокаттардың келіспегендігі туралы шағымдарды қарады.

РАА Тәртіптік комиссиясы Алматы қалалық адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының (бұдан әрі –АКАА ТК) адвокатты алқадан  шығару туралы Шешімін  өзгертіп, адвокаттың АКАА ТК-ның осы шешіміне арыз-шағымын қанағаттандырды және осы адвокатқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік шарасын қолдану туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, РАА Тәртіптік комиссиясы Павлодар облыстық адвокаттар алқасы адвокатының адвокаттың өзінің арызына байланысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Тәртіптік комиссияның шешіміне шағымын қараусыз қалдырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокат Ф.А.-ның СҚО Тәртіптік комиссиясының шешімімен келіспегендігі туралы шағымы бойынша РАА АТК шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы  шешім қабылдады, ал Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бүгінгі таңда жұмыста 3 шағым бар.