Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!
20.03.2023

Құрметті әріптестер, баршаңызды жаңару мен жаңғырудың, ырыс пен молшылықтың мерекесі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Адвокатураның қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегін ескере отырып, өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Наурыз өміріңізге жасампаздық пен дамудың жаңа энергиясын әкелсін!

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!