home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ. АДВОКАТУРА ҚИЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЗҒАДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ. АДВОКАТУРА ҚИЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЗҒАДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ. АДВОКАТУРА ҚИЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЗҒАДЫ
18.03.2024

17 наурызда Атырауда Ұлттық Құрылтай өтті, оған Құрылтай мүшелері болып табылатын РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен РАА төралқасының мүшесі Айман Умарова қатысты.


Айман Умарова Мемлекет басшысының қатысуымен өткен негізгі кеңесте сөйлеген сөзінде соңғы оқиғаларға байланысты әйелдер мен балалардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстар бойынша тергеуші-әйелдерді оқытудың тиімді әдістерін әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде әйелдерді зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен – үйде ұру немесе қоғамдық көлікте тиісудің шынайы қорғайтын нақты шаралар қабылданған жоқ.

Сонымен қатар, Айман Умарова Мемлекет басшысына Бас прокуратураға «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркелген барлық қылмыстық істерді зерделеуді тапсыруды сұрап жүгінді, себебі қылмыстық істер негізінен «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркеледі», содан кейін олар жабылады, осылайша жәбірленушіге қарсы заңсыз әрекеттерінің нақты себептері анықталмайды және қылмыстық құқық бұзушылық ашылмай қалады. Сонымен қатар, адвокат жастардың есірткі сатуға қатысы барын айтып, делдалдарды емес, өндірушілер мен ірі дилерлерді жазалауға шақырды.

Сондай-ақ адвокат түрме реформасын жедел жүргізу қажеттігін де атап өтті: «Қылмыстық-түзету жүйесі қылмыскерді түземейді. Адамды түзете алмасақ, мұндай тергеулер мен соттардың еш пайдасы жоқ. Түпкі мақсат – қылмыскерді түзеу», – дейді Айман Умарова.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен негізгі жиыннан бөлек, оның алдында бір күн бұрын секциялық талқылаулар өтіп, оның барысында Құрылтай мүшелерінің басым бөлігі өз ұсыныстарын айтты.

Президенттің көмекшісі Руслан Желдібай модераторлық еткен «Азаматтық қоғам» секциясының жұмысына қатысқан Айдын Бикебаев адвокаттық қызметтің өзекті мәселелеріне, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің мемлекеттік бағдарламасына қатысты мәселелерге тоқталды. Бұл бағдарламаны тарифтер, төлемдердің мерзімдері мен негіздері, көмек көлемі, ұсынылатын құжаттар тізімі, әкімшілік және т.б. түбегейлі мәселелерінде қайта қарау ұсынылады.