РАА тәртіптік комиссиясының төрағасы Асел Тоқаеваның уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін атқару адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы Ереженің 20-тармағына сәйкес РАА АТК мүшелері төрағаның орынбасары болып сайланған Ақылтай ҚАСЫМОВҚА уақытша жүктелді.
Төрағаның міндетін атқарушының өкілеттігі 2025 жылғы 22 қарашаға дейін сақталады.
Осы кезеңде комиссияның жұмысы РАА АТК туралы Ережеге сәйкес әдеттегідей жүзеге асырылатын болады.