Республикалық адвокаттар алқасының «Kazakhstan TAN» футбол командасы Mundiavocat (Медулин, Хорватия) ұйымдастырған Nations Cup 2025 халықаралық турнирінде үздік 10 командаға кірді. Сондай-ақ, 18 құрама командасының арасында 9-шы орынды иемденді.
Турнир 2025 жылдың 22-28 қыркүйегінде бірнеше санатта өтті (мини-футбол, үлкен футбол) және әлемнің ең мықты адвокаттар құрамаларын жинады. Олардың қатарында Франция, Бельгия, Бразилия, Словакия, Грузия, Румыния, Венгрия, Мексика, Уругвай, Сербия және басқа елдердің командалары бар.
«Kazakhstan TAN» командасының құрамын Алматы қалалық адвокаттар алқасының, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары құрады.
Ең күрделі топтық раундтан өткен «Kazakhstan TAN» плей – офф кезеңінде Бельгия құрамасынан жеңіліп қалды (7:3), алайда рейтингтік матчтарда Уругвайдан және екі сербиялық командадан мықты болды. Нәтижесінде 6 матчтың 4 жеңіске жетті.
Команданың үздік бомбардирі команда капитаны, "TURAN" адвокаттық кеңсесінің серіктесі және адвокаты Абдрим Заитов (6 гол), адвокат Бақтияр Хояшев 4 голмен ерекшеленді – екеуі де АГКА мүшелері. Адвокат Темірбек Ысқақов (Батыс Қазақстан) бір матчта 3 гол соғып, хет-трикпен көзге түсті. Адвокат Хаким Әкімбаев 2 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді, ал Нұрлан Ғазиев (Павлодар) бір голмен ерекшеленді. "MSB Partners" адвокаттық кеңсесінің адвокаты Әміре Бегдесеновті (АҚАА) қорғауда сенімді ойын және қақпашы Асхат Науановтың (Павлодар) сенімді ойыны жеке атап өтіледі. Айта кету керек, бұл команданың құрамы Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай (2025 жылғы 26-27 сәуір, Семей қ.) ұйымдастырылған Abay CUP адвокаттары арасындағы футзал турнирінің нәтижелері бойынша құрылды.
Республикалық адвокаттар алқасы жыл сайын қазақстандық адвокатураның танымалдылығын арттыруға инвестициялай отырып, адвокаттардың спорттық бастамаларын қолдайды.
Бұған дейін қазақстандық командалар Eurolawyers (Пальма-де-Майорка, Испания) және World Cup (Дубай, БАӘ) турнирлеріне қатысты.
2026 жылы Аликанте (Испания) Бенидорм қаласында өткен World Cup-қа қатысу жоспарлануда.
РАА адвокаттық командалардың халықаралық турнирлерге қатысуын ішінара қаржыландырады, қалған шығындарды ойыншылар өздері көтереді.
Мәселен, биылғы жылы "QALQAN ADVISORS" адвокаттық кеңсесі басқарушы әріптесі А.А. Каймаковтың атынан «Kazakhstan TAN» командасына (АҚАА) демеушілік көмек көрсетті.
Ойыншылар халықаралық жарыстарға қатысу қазақстандық адвокатураның шетелдік әріптестермен байланысын нығайтуға ықпал ететінін, мамандықтың беделін және әлемдік аренада ұлттық адвокатураның танылуын арттыратынын атап өтті.