home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттарды ВЕБИНАР-ға шақырады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттарды ВЕБИНАР-ға шақырады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттарды  ВЕБИНАР-ға шақырады
05.04.2023

2023 ж. 07 сӘуір, саҒат 10.00-де вебинар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен
Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттарды
ВЕБИНАР-ға шақырады

 

Тақырыбы: Ішкі істер органдарының адвокаттармен ара-қатынасының өзекті мәселелері

 

СПИКЕРЛЕР:

СУНТАЕВ Қайрат Имятұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

ВРАНЧЕВ Игорь Олегович, Республикалық адвокаттар алқасы (РАА) төрағасының орынбасары
АЙТЖАНОВА Гауһар Алтынбекқызы, РАА төралқасының мүшесі
ҚҰСАЙЫНОВА Анара Бақытқызы, РАА төралқасының мүшесі
ҚАСҚЫРБАЙ Алмат Досжанұлы, РАА төралқасының мүшесі

 

МОДЕРАТОРЛАР:

ӘДІЛОВ Санжар Әскенұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы

БИКЕБАЕВ Айдын Жолшыұлы, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы

 

Вебинарға қатысушылар Ішкі істер министрлігінің жұмысы, құқық қорғау жүйесін жетілдіру, нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы ақпаратпен таныса алады.

 

Ішкі істер министрлігі құрылымдық комитеттерінің, облыстық полиция департаменттерінің басшылары кездесу қатысушылардың және РАА спикерлерінің сұрақтарына жауап береді.
РАА спикерлері сөз сөйлеулерінде мына мәселелерді қозғайды:

  • адвокаттардың кәсіби құқықтарын және адвокаттық қызметтің кепілдіктерін сақтау;
  • құқық қорғау органдарының ғимараттарында және аумағында техникалық құралдарды, смартфондар мен ноутбуктерді пайдалануды шектеу;
  • сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • адвокаттарждың қорғауындағы адаммен ҚАЖК, уақытша ұстау изоляторы, тергеу изоляторы мекемелерінде құпия кездесулер өткізу үшін бару мәселелері.

 

Вебинарға қатысуға ниет білдірген адвокаттар қосылу үшін сілтеме жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып сілтеме бойынша тіркеу нысанындағы деректерді толтыруы қажет

https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_VQZ9hN-ATE2CZXLQ9ZuzWQ