home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында тұжырымдама жобасы әзірленді

Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында тұжырымдама жобасы әзірленді

Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында тұжырымдама жобасы әзірленді
16.02.2022

Ашық НҚА сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы жарияланған.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 11 қаңтарда және ағымдағы жылғы 21 қаңтарда отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде айтылған тапсырмалары заң жобасын әзірлеу қажеттігіне негіз болып табылады.

Негізгі бағыттар: әлеуетті құрылымдардың дербестігін қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының сатып алу тәртібін қайта қарау, бюджетаралық қатынастарды реформалау, мемлекеттің экономикалық функцияларын жеке монополиялық операторлармен жүзеге асыруға тыйым салу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктеріне жаңа тәсілдер әзірлеу сияқты міндеттерді шешуге бағытталған.

Сондай-ақ, ведомстволардың басқа мемлекеттік органдарда бар ақпаратты талап етуі мен жинауына тыйым салу және «квазимемлекеттік сектор субъектісі» ұғымын қайта қарау туралы мәселе шешілуі қажет міндеттердің қатарында тұр.

Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы талқыға салу үшін Ашық НҚА сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған Ашық НҚА | НҚА (egov.kz)

Талқыланатын тұжырымдама жобасына өз ұсыныстарын енгізгісі келетін адвокаттар оларды Ашық НҚА сайтында енгізе алады немесе оларды Республикалық адвокаттар алқасының келесідей ресми поштасына жіберу мүмкіндігі бар office@advokatura.kz Барлық ұсыныстар кейін заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияға жолданады.