home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫН АДВОКАТТАРҒА КЕДЕРГІСІЗ БЕРУ КЕРЕК, - МЕМЛЕКЕТТІК БАСШЫСЫ АДВОКАТ РӨЛІН АРТТЫРУ ҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫН АДВОКАТТАРҒА КЕДЕРГІСІЗ БЕРУ КЕРЕК, - МЕМЛЕКЕТТІК БАСШЫСЫ АДВОКАТ РӨЛІН АРТТЫРУ ҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫН АДВОКАТТАРҒА КЕДЕРГІСІЗ БЕРУ КЕРЕК, - МЕМЛЕКЕТТІК БАСШЫСЫ АДВОКАТ РӨЛІН АРТТЫРУ ҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ.
29.03.2023

Бүгін, 2023 жылғы 29 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ VIII сайланған Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі, оған РАА Төрағасы Айдын БІКЕБАЕВ пен РАА президиумы  мүшесі Айман Умарова қатысты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өз сөзінде адам құқықтарын қорғау жүйесін күшейту қажеттігін атап өтті.

«Соблюдение принципа верховенства права во всех сферах жизни должно стать фундаментом поступательного прогресса нашей страны. Важно, чтобы каждый гражданин был уверен в защите своих прав, не сомневался в справедливости судов. Нужно, чтобы у всех граждан был равный доступ к качественным юридическим услугам для защиты своих прав в суде. С этой целью государство гарантирует юридическую помощь пострадавшим из социально уязвимых категорий», - деді мемлекет Басшысы.

Сондай-ақ Президент әділетті мемлекетті дамытудағы адвокаттар алқасының рөлін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Адвокаттардың рөлін арттыра түсу қажет. Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап, қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз берілуі тиіс».

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі уақытта заңдардың Конституция нормаларына сәйкестігін тексеру аса сұранысқа ие екеніне назар аударды: - «Жұрт заңдардың кейбір ережелеріне наразылық білдіріп, шағым айтуда. Конституциялық Соттың шешімдері кейбір шағымдардың орынды екенін көрсетіп жатыр. Яғни, заңнаманың жекелеген нормалары Ата заңға қайшы екені анықталды. Бұл келеңсіздіктер құқық қолдану ісінде қиындықтар туғызады. Конституцияға қайшы мұндай нормалар жарамсыз деп танылады. Осындай ережелерге сүйеніп қабылданған соттың және басқа мемлекеттік органдардың шешімдері қайта қаралуы тиіс. Заңдарымыз Конституцияға толық сай болуы керек».

Еске салайық, 19 наурыздағы сайлаудан кейін Парламент айтарлықтай жаңарған болатын. Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Абзал ҚҰСПАН Мәжіліс депутаты болды (сүретте - сол жақта)