home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТТАР МАНТИЯЛАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ

АДВОКАТТАР МАНТИЯЛАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ

АДВОКАТТАР МАНТИЯЛАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ
07.11.2024

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген адвокаттардың сот отырыстарында мантия кию құқығын іске асыру аясында Республикалық адвокаттар алқасында адвокаттық мантияның жаңа нысанның дизайнын таңдау бойынша сауалнама басталды. Қызылорда адвокаттар алқасының сұранысы бойынша мантияның үш нұсқасы әзірленіп, әрқайсысына түсініктемелері бар бейнематериалдар аймақтық алқаларға қаралып, талқылауға жолданды.
Алқа төрағаларына WhatsApp чаттары арқылы адвокаттар арасында сауалнама ұйымдастыру тапсырылды. Сауалнаманың негізгі мақсаты – адвокат мамандығының кәсіби стандарттарына сай келетін ең қолайлы және ыңғайлы халат үлгісін таңдау. Тағы бір айта кетерлігі, мантия кию ерікті, әр адвокат оны кию немесе кимеу туралы өз бетінше шешім қабылдауға құқылы.
Сауалнама нәтижелерін Республикалық адвокаттар алқасы 2024 жылдың 14 қарашасына дейін жинайды.

Қызылордалық дизайнері Аида Керімқұловадан авторлық мантиялары

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

  
«TARBIYA ULTTYQ KIIM» сән үйінің топтамасы

 

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

4 нұсқа

   
Алматылық дизайнері Айгүл Қасымованың мантиясы

Нұсқа