home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС НОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АДВОКАТТАРДЫҢ ПІКІРІ

ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС НОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АДВОКАТТАРДЫҢ ПІКІРІ

ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС НОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АДВОКАТТАРДЫҢ ПІКІРІ
04.03.2022

Әділет министрлігі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларының құқық қолдану практикасына оны қолданысқа енгізген күннен бастап өткен жартыжылдық үшін талдау жүргізуде.

Осыған байланысты, адвокаттар аталмыш нормаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өз ұсыныстарын енгізе алады, бұл әкімшілік кодекс нормаларын қолданудың оң және теріс салдарын көрсетуі тиіс.


Адвокаттар мен Заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы қызметінің маңыздылығын көрсете отырып, Әділет министрлігі барлық ұсыныстарды қарастыруға дайын.


Ұсынылған ақпарат әкімшіліктік әділет жүйесін одан әрі жетілдіру, құқықтық қайшылықтар мен түйткілді мәселелерді анықтау, сондай-ақ әкімшілік органдар қызметіндегі жүйелі қателерді зерделеу барысында ескерілетін болады.


РАА-ға келіп түскен ресми хатта адвокаттарға бірқатар сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Осылайша, заң шығарушылар құқық қорғаушылардың практикаға енгізілген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларына қатысты көзқарасын қалыптастыра алады.
Аумақтық адвокаттар алқалары 2022 жылғы 11 наурызға дейін Министрліктің атына өздерінің Адвокаттар алқаларынан, заң консультанттарынан түскен сұрақтарға жауаптар мен позициялар туралы жинақталған ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдай алады.