home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТТАР СУ ТАСКЫНЫНАН ЖАБЫНҒАН ӘРІПТЕСТЕРГЕ ҚОЛДАУ БЕРУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТТАР СУ ТАСКЫНЫНАН ЖАБЫНҒАН ӘРІПТЕСТЕРГЕ ҚОЛДАУ БЕРУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТТАР СУ ТАСКЫНЫНАН ЖАБЫНҒАН ӘРІПТЕСТЕРГЕ ҚОЛДАУ БЕРУДЕ
01.05.2024

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының адвокаттары Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарындағы әріптестеріне жақында болған су тасқынынан кейін дер кезінде көмек көрсетіп, қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғыстарын білдіреді.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестеріне көмек ретінде 1 миллион теңге және ақтөбелік адвокат Қ.Матаеваға 500 000 теңге жіберіп, су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының адвокаты М.Т.Ғабдуалиевке де қаржылай көмек көрсетті.

Ақмола облысындағы әріптестері Солтүстік Қазақстан облысындағы адвокаттарға 1.000 дана 5 литрлік бөтелке ауыз су берді.

Құрылтайшысы Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы болып табылатын «Қамбар и К» заң фирмасы Ақтөбедегі зардап шеккен адвокаттарға, соның ішінде су тасқынынан үйі толығымен қираған К.Матаеваға көмек ретінде 300 000 теңге аударды.

Барлығына алғысымызды білдіріп, денсаулық пен амандық тілейміз. Осындай сәттерде біз кәсіби қоғамдастық тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара көмекті ерекше бағалаймыз.

Құрметпен,

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының адвокаттар алқаларының төрағалары.

Бұған дейін шымкенттік адвокаттар Атырау облысындағы әріптестерін қолдаған болатын