23.10.2023 – 10.11.2023 НӘТИЖЕЛЕРІ

23.10.2023 – 10.11.2023 НӘТИЖЕЛЕРІ
13.11.2023

23 қазанда РАА Төралқасы:
- А.Э.  және Г.Е. адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуына және адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерiн сақтамауына байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне,  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторинг агенттігіне және басқа да мүдделі құқық қорғау органдарына ашық үндеу жариялап, жолдау туралы шешім қабылдады; (жаңалықты көру)

- Қылмыстық істер бойынша сот отырыстарын қашықтықтан өткізу тәжірибесіне қатысты ҒКК ұсынған РАА Төралқасының ұстанымының жобасын мақұлдады;
- Е.А.-ның адвокат Т.М.-ға қатысты шағымы бойынша Шымкент қалалық адвокаттар алқасы президиумының қабылданған қаулысының күшін жойды, және шағымды Тәртіптік комиссияның қарауына енгізу үшін Алқа Төралқасына жіберу туралы шешім қабылдады;
- РАА Адвокатураның Тәртіптік комиссиясына ұсыну үшін жеткілікті негіздердің болмауына байланысты төралқа төрағаларына, РАА және аймақтық алқалардың Тәртіптік комиссиялар басқару органдарының мүшелеріне қатысты бірқатар шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

 

23 қазанда төрағаның орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ, РАА өкілдері және депутат Абзал КУСПАН Әділет министрлігінде департамент басшысы Азамат ЕСҚАРАЕВТЫҢ қатысуымен өткен «Әкімшілік» және «қылмыстық» құқық бұзушылықтарды ажырастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Талқылау барысында «қылмыстық құқық бұзушылықтарды» айырмашылықтарының өзекті мәселелері, ӘҚБтК-дегі құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарын декриминализациялау, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада «құқық бұзушылық» институтын қолданудың орындылығы қарастырылды.

 

24 қазанда РаА Төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, РАА ҒКК төрағасы Сергей СИЗИНЦЕВ және адвокат Елена ТЮРЕЙКИНА, атқарушы директор Айнаш ҚҰДАБАЕВА жаңа Салық кодексін дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен өткен кездесуде адвокаттық қызметке салық салу бойынша РАА ұсыныстарын талқылады. 

 

26 қазанда РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулы жобасына қатысты ұстанымын мақұлдады.

 

26 қазанда төрағаның орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ, Төралқа мүшелері Қалтай ҚАЛИАҚПАРОВ, Сисенбай ДЕЛМАНОВ 2023 жылғы қыркүйектен бастап талқыланып жатқан Қазақстан Республикасы Үкіметі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау жөніндегі Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының отырысына қатысты.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасауға оқталу мәселелері бойынша ұстанымдар талқыланды.

 

26 қазанда РАА ҒКК төрағасы Сергей СИЗИНЦЕВ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысының жобасын талқылауға қатысты.

 

27 қазанда РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ Игорь РОГОВТЫҢ төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты, онда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің кейбір мәселелері талқыланды.

 

27 қазанда Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тілек ХАМИТОВ Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты Қоғамдық саясат институтымен АМАНАТ партиясы бірлесіп ұйымдастырған «Адам саудасына қарсы күрестің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысты. Өткізіліп жатқан іс-шара Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері мен шаралар жүйесін қалыптастыру үшін өзекті және маңызды болып табылады.

 

27 қазанда адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы:

- Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қ.У.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсыныстары негізінде қозғалған тәртіптік іс өндірісі Әділет министрлігінің аталған ұсыныстарды қарамау туралы өтінішіне байланысты тоқтатты;

- адвокат К.Р.-ға қатысты «қатаң сөгіс» жариялаған Алматы қалалық адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 28 шешімінің күші жойылды, адвокатқа «Адвокатурадан шығару» түріндегі тәртіптік жаза қолданды.

 

31 қазанда РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, төрағаның орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ және Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тлек ХАМИТОВ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің вице-министрі Алма Мұқанованың төрағалығымен өткен қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасының оңтайландыру туралы заң жобасының кейбір нормаларын талқылауға арналған жұмыс отырысына қатысты.

 

31 қазанда РАА Төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысында «Республика Әділет министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының Жобасын» талқылауға қатысып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалу барысымен танысты.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар Әділет министрлігіне ұсынымдар түрінде ресімделді.

 

1 қарашада Қытайдың Үрімші қаласында 24 елден 2 миллионға жуық қатысушының басын қосқан Қытай – Орталық Азия – China - Central Asia Arbitration Forum өтті.

Форум аймақтық артықшылықтарды пайдалану, экономикалық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету және Жібек жолын өркендеу жолына айналдыру, сондай-ақ «Бір белдеу - бір жол» елдерінің адвокаттары үшін Қытай Халық Республикасында арбитраждық орталықтарды ұйымдастыру мақсатында өткізіліп отыр.

Форумға РАА Төралқасы мүшесі, Абай ауданы адвокаттар алқасының адвокаты Галина Әлімғожина қатысты.

 

2 қарашада Төрағаның орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал ҚҰСПАН төрағалымен өткен жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты, онда Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заң жобасы қаралды. Жұмыс тобына РАА Төралқасы мен ҒКК кейбір мүшелері, РАА аппаратының мүшелері де қатысты.

 

2 қарашада РАА Төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң шығармашылық қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында кредиттер беру кезінде тәуекелдерді азайту мәселелеріне және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ғылым және бәсекелестік мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын қарауға қатысты.

 

2 қарашада РАА Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында «Заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді оңалту және олардың банкроттығы туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың арбитраж заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулылардың жобаларын қарауына қатысты.

 

7 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің жұмыс тобының отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын қарауына РАА ҒКК мүшелері мен РАА аппаратының қызметкерлері қатысты.

 

8 қарашада РАА төрағасы, РАА ҒКК төрағасы, РАА төралқа мүшелері Данияр ҚАНАФИН, Қалтай ҚАЛИАҚПАРОВ, Эльвира АБДУЛИНА  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы жөніндегі депутат Магеррам МАГЕРРАМОВ төрағалығымен өткен жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты.

 

9 қарашада Атырау облыстық алқа төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ, Атырау облыстық алқасының адвокаты Юлия МАЛЮКОВА, Астана қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Ерлан ҒАЗЫМЖАНОВ, төралқа мүшесі Данияр ҚАНАФИН Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал ҚҰСПАН төрағалығымен откен Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заң жобасын қарап жатқан жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты.

 

9 қарашада РАА Төралқа мүшесі Рашид ЕВНИЕВ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Азаматтық қорғаныс академиясы ұйымдастырған облыстардың, республикалық маңыздылығы бар қалалар мен елорда төтенше жағдайлар департаменттерінің анықтау бөлімдерінің басшыларының біліктілігін арттыру курстарында «Қылмыстық процестегі адвокаттың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

 

10 қарашада Қазақстан адвокаттар алқасының делегациясы құрамында РАА Төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, РАА Төралқасының мүшелері Айман УМАРОВА мен Анара КУСАИНОВА, Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Асем БАКИМБАЕВА және Алматы қаласының адвокаттары Рена КЕРІМОВА, Елена ЖИГАЛЕНОК және Азамат БАЙКЕНОВ Грузияның Тбилиси қаласында өткен «Бизнес және адам құқығы» конференциясына қатысты. 
РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ конференция ашылуында құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияның мақсаты білім және тәжірибе алмасу үшін әртүрлі елдердің тәжірибелі заңгерлерін біріктіру және кәсіби құндылықтардың, заң үстемдігі мен адам құқықтарының маңыздылығын насихаттау үшін байланыс орнату болды. «Бизнес және адам құқықтары» конференциясы Еуропа Кеңесі мен USAID қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Конференция барысында бизнес пен адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтық база мен жаңа сот тәжірибесі, бизнес пен еңбек құқығы арасындағы теңгерім сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ конференцияда Еуропа Кеңесінің HELP платформасы және осы платформада өткізілетін «Бизнес және адам құқықтары» курсы ұсынылды.

 

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 155 хатты, сондай-ақ 40 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
 

РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.