11.09.23 - 15.09.23 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

11.09.23 - 15.09.23 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
18.09.2023

12 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, «ҰАТ» АҚ және аумақтық адвокаттар алқалары өкілдерінің қатысуымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету (бұдан әрі – МКЗК) мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті. Атап айтқанда, «Е-Заң Көмегі» АЖ-нің өткір проблемалық мәселелері, төлем процестерін автоматтандырудың жетілдірілмегендігі, оның ішінде уақытты жинақтау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттарды тағайындау мәселелері көтерілді.

Кездесу нәтижесінде алдағы уақытта бірлескен жұмыс жоспарлары белгіленді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры өзінің телефон нөмірін айта отырып, кездесуге қатысушылардан өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертулерді WhatsApp қосымшасы арқылы жеке өзіне жолдауды сұрады.

12 қыркүйекте Төрағаның орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал ҚҰСПАНА төрағалық еткен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заң жобасын қарау жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Жұмыс тобына РАА Төралқасының және ҒКК кейбір мүшелері де қатысады.

13 қыркүйекте РАА Төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Жоғарғы Соттың «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысының Қазақстан Республикасы Конституциясының  20-тармағына сәйкестігін қарау жөніндегі кезекті отырысына қатысты.

15 қыркүйекте Қызылорда қаласында (аймақтық адвокаттар алқалар төрағаларының қатысуымен) РАА Төралқасының кеңейтілген сырттай отырысы өтті.

Президиум:

- қаржы мониторингінің субъектілері ретінде адвокаттарды даярлау, оқыту және тестілеу мәселелері бойынша РАА ұстанымын бекітті;

- Қазақстан адвокаттарының VII форумына дайындық барысы туралы баяндаманы тыңдады және оны назарға алды;

- Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылға атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдап, назарға алды.

Жиын құрылысқа демеушілік жасаған облыс адвокаттары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен салынған Қызылорда ОАА-ның жаңа ғимаратында өтті (ашылу туралы жаңалықтар).

15 қыркүйекте РАА ҒКК-сі келесі ұстанымдарды бекітті:

1) адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын әзірлеу және кезең-кезеңімен енгізу мәселесі бойынша;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін (484, 490-баптары) оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына 

16 қыркүйекте Түркістан ОАА жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, Түркістан ОАА төрағасы Қайрат ҚАМБАРОВ, РАА Төралқа мүшелері, адвокаттар мен облыс жұртшылығының өкілдері қатысты.

Айдын БИКЕБАЕВ сөз сөйлей келе, РАА Түркістан ОАА-ны дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, Түркістан ОАА ұжымы халықтың адвокатураға деген сенімін арттыруға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді (ашылу туралы жаңалықтар).

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 45 хатты, сондай-ақ 9 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.